Бір күні жоқшылықтан жадап-жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып:
⠀
— Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? — деп налиды.
⠀
Данышпан оған:
⠀
— Себебі, сен адамдарға жомарттық танытпайсың, өте сараңсың, — деп жауап береді.
⠀
Бұл жауапқа таң қалған кедей:
⠀
— Қолымда беретін ештеңем жоқ, тапқаным өзімнен артылмаса, қалай жомарттық танытамын? — дейді. Сонда қария: Негізі сенің адамдарға жақсылық жасауға мүмкіндік беретін 5 қабілетің бар. Сол мүмкіндіктеріңді оятып, жүзеге асырғаныңда бұлай демес едің, — дейді.
⠀
Таң қалған кедей оның қандай қабілет екенін сұрайды. Сонда данышпан:
⠀
— Біріншіден, өзгелерге жымиып қара, күлімдеп жүр. Алла қаласа, осы арқылы да садақа жасап, сауапқа кенелуіңе мүмкіндік бар;
⠀
Екіншіден, айналаңа мейірленіп қара. Олар сенің көзіңнен тек жанашырлық пен жақсылық көретін болсын;
⠀
Үшіншіден, сен мылқау емессің, сөйлей аласың. Ендеше, адамдардан жақсы сөзіңді аяма;
⠀
Төртіншіден, жүрегің тоқтаусыз соғып тұр. Ендеше, бар ықыласыңмен, жан-тәніңмен беріліп тұрып басқаларға жақсылық тіле. Олардың өмірінің берекелі, тұрмыстарының шырайлы болуы үшін дұға жаса;
⠀
Бесінші, аяқ-қолың сау. Ендеше, денсаулығыңды пайдаланып, жұртқа пайдалы істерді атқар. Көмектес, — дейді.
Қарттың бұл әңгімесі кедейді қатты ойландырады. Иә, адамды бай қылатын — дүние-мүлкі мен ақшасы емес, қардай аппақ пейілі мен адал, аппақ көңілі!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі