Наурызға тілек – құттықтау сөздер, 22 Наурыз тілектер 2026

Наурыз мейрамы – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Бұл күні адамдар бір-біріне Наурызға тілек айтып, ақ тілектерін білдіреді. Осы бетте Наурызға арналған әдемі құттықтау сөздер, қысқа тілектер және мерекелік өлеңді оқи аласыз.

Наурызға арналған құттықтау сөздер

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын, ырыс-береке үйіңізден кетпесін. Денсаулық, бақыт, молшылық тілейміз!

Наурыз мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Баршаңызға амандық, береке және шаттық тілейміз!

Наурыз құтты болсын! Әр күніңіз қуанышқа, әр жылыңыз табысқа толы болсын!

Наурыз құтты болсын тілектер

Наурыз құтты болсын! Береке мен бірлік әр шаңырақта орнасын!

Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құт әкелсін, бақ-береке дарысын!

Наурыз мейрамы құтты болсын! Көктемдей көңілдеріңіз жайнап, өмірлеріңіз гүлдене берсін!

22 Наурызға арналған тілектер

22 Наурыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні әр отбасыға бақыт, шаттық және молшылық әкелсін!

Наурыз мейрамы жаңа үміт, жаңа қуаныш, жаңа табыс сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа амандық пен береке тілейміз!

Қысқа Наурыз тілектері

Наурыз құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Береке мен бірлік болсын!

Жыл ырысты болсын!

Бақыт пен шаттық көп болсын!

Наурыз туралы өлең

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын,
Үйіміз шат күлкіге, әнге толсын,
Жылына бір рет келер бұл мереке
Әкелсін дастарханға құт-береке!

Бұл күні теңеледі күн менен түн,
Құлаққа естіледі жағымды үн.
Әкелсін тек қуаныш Наурызымыз,
Бас аман, болсын бүтін бауырымыз!

Бұл күні қырғын-шайқас тоқтатылған,
Бір-біріне жақсы тілек айтылған.
Бұған дәлел Фирдоусидің «Шахнамасы»,
Жоқ оған ешкімнің де таласы.

Қанға сіңген қонақжайлық қасиет,
Кісі келсе «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп,
Дастархан жайып, жарқын жүзбенен
Күткен екен шын көңілмен, ақ ниет.

Сары майын қарынға салып баптаған,
Жал-жаясын түтінге салып қақтаған.
«Ұзын Сары келгенде жейміз ғой» деп,
Бар тәттісін кейін қойып, сақтаған.

«Наурыз көже» маңдайларын жібіткен,
Даладай дархан, көңілдері неткен кең!
Бұл күннің қасиетті саналуы,
Самарқанның көк тасын да еріткен.

Қыдыр ата Наурыз түні аралайды даланы,
Бесіктегі жылаған, тербетеді баланы.
Кездейсоқта көзі түскен адамдарға
Дарытып дәулет, басына бақ қондырады.

Уақыт ғана бізге әділ таразы,
Таусылмасын бұл өмірдің базары.
Түссін бізге Қыдыр ата назары,
Қазағымның жұлдызы әлі жанады.

Жақсылықтың жаршысы – Қыдыр ата,
Беріңіз бар қазаққа мықты бата.
Заманымыз тыныш болып, Қазақстан,
Жеңістерге жете берсін, әрбір таң!

Көктемді қанатына ілестірген,
Пейілін адамзаттың кеңіттірген.
Тойлары дөңгеленген дүниенің,
Ұзағынан болсын деп, сүйінемін!

Гүлнар Хабаева

Керекті бөлімдер

Жиі қойылатын сұрақтар

Наурызға тілек қалай айтылады?

Наурызда адамдар бір-біріне бақыт, денсаулық, береке және молшылық тілейді.

Наурыз құтты болсын деген не?

Бұл – Наурыз мерекесіне арналған ең кең таралған құттықтау сөзі.

22 Наурызға арналған құттықтау сөздер бар ма?

Иә, бұл бетте және сілтемелерде дайын құттықтау мәтіндері берілген.

Наурыз мерекесінің мәні қандай?

Наурыз – көктемнің келуі мен жаңа жылдың басталуын білдіретін ұлттық мереке.

Наурызға қандай тілек айтуға болады?

Бұл күні адамдар бір-біріне амандық, бақыт, береке және молшылық тілейді.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (4)

Ерлан

Өте жылы әрі мерекелік шыққан! ✨ Наурыздың ұлы күнін, құт-берекені, Қыдыр атаның батасын, дастарханның дархандығын, қазақтың қонақжайлығын керемет жеткізген тілек-өлең.

Наурыздың қуанышы мен бірлігін, қазақ мәдениетінің мәнін әдемі жеткізген тамаша тілек! ❤️ Ұлыс оң болсын, құтты болсын Наурыз!

Дархан

Наурызға арналған тілектердің ішіндегі ең әсерлілерінің бірі – осы беттегі Гүлнар Хабаеваның өлеңі. Әсіресе «Қанға сіңген қонақжайлық қасиет, Кісі келсе «Қырықтың бірі – Қыдыр» – деп» деген жолдары мен «Қыдыр ата Наурыз түні аралайды даланы» деген шумағы қазақтың Наурыз туралы аңыздарын, құндылықтарын өте шебер суреттеген. Осындай өлеңдер мерекеге деген құрметті арттырып, ұрпақ санасына ұлттық қасиеттерді сіңіруге көмектеседі. Жинақты дайындаушыларға рахмет!

Ақжол

Наурызға арналған құттықтау сөздер мен тілектердің ішіндегі ең кереметтері осы бетте жинақталған. Әсіресе Гүлнар Хабаеваның өлеңі ерекше әсер қалдырды. Рахмет!

Пікір қалдырыңыз