Түйе мұрындық

Басты бет / Салт-дәстүр / Түйе мұрындық

Түйе мұрындық — Салт-дәстүр бөліміндегі материал.

Материал — түйе мұрындық, кәде, қыздың төркіні, құдалар — осы тақырыптарға байланысты.

Түйе мұрындық — салт. Қазақ салтында қалыптасқан бір кәде «түйе мұрындық» деп аталады. Қызы ұзатылып көшіп келе жатқан көш көрші ауылдың тұсынан өткенде, көрші ауылдың әйелдері, көш алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алады, оны жүргізбей «түйе мұрындық» деген атпен кәде сұрайды. Көш бастап келе жатқан кексе әйел оған жол өтеп, көйлек беріп құтылады. Оны қазақ кадесінде «түйе мұрындық» деп атайды. Сый алғандар батасын беріп, ризашылығын білдіріп тарасады. Ауыл ардагерлерінің айтуынша, «Түйемұрындық» бергенде қыздың төркіні құдаларға қызды ғана емес, түйені де береді. Ал ботасын өздері алып қалады екен. Араға жылдар салып, қызы күйеу баламен бірге үйіне баласын көтеріп келгенде, ботаны немересіне бәсіре ретінде беріп жіберетін болған.

Оқуға кеңес береміз:

Жас келіншектерге байланысты салт-дәстүрлер



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түйе мұрындық деген не?

Бұл бетте Түйе мұрындық тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Салт-дәстүр бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Түйе мұрындық материалы Салт-дәстүр бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Салт-дәстүр бөліміндегі басқа материалдар түйе мұрындық тақырыбындағы материалдар кәде тақырыбындағы материалдар қыздың төркіні тақырыбындағы материалдар құдалар тақырыбындағы материалдар бәсіре тақырыбындағы материалдар бота тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар