2024 жылдан бастап – Наурыз мейрамы ерекше тойланады. Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаевтың айтуынша, биылдан бастап Наурыз мерекесі ерекше тойланады. 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өткізіледі және Наурыз мейрамын 10 күн тойлау ұсынылды. Осы Наурызнаманың бағдарламасына сәйкес 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып бекітілді.
18 наурыз – «Ұлттық киім» күні. Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих факультетінің студенттері бағдарламаға сәйкес қазақи нақышта киініп, бағдарламаға ат салысқан болатын.
Жаңабаева Айдана Жалғасқызы әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-нің 2 курс магистранты
ғылыми жетекшісі: т.ғ.к, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-нің аға оқытушысы Удербаева Сауле Карибаевна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі