Бүтін сезімге ортақтаса алмаған жанды ешқашан ұмытпайсың. Жан-жүрегіңмен сүйіп, бар ықыласыңмен қалаған, бірақ қолың жетпей қалған адамды ұмыту әсте мүмкін емес. Әрдайым оны еске алғанда қатты құшақтамағаныңа, өте сирек өпкеніңе, тым аз бергеніңе бармақ тістейсің. Оны мұқият тыңдамағаныңа, бір бола алмағаныңа, артынан тұра жүгірмегеніңнен жүрек қан жылайтын болады. Оған деген алғысың, сұрайтын кешірімің айтылмаған күйі тамағыңда өксік боп қала берер... Сол ілтипаттың бәрі жүрек түкпірінде сақталады. Өмірімізге жарық нұр сеуіп, аппақ із қалдырып, тағдырымызға айнала алмаған жандарды әрдайым сағынышпен еске алатын боламыз...
* * *
Сен маған бұл өмірде бәрі де өткінші деуші ең... Махаббат ылғи күтпеген жерден келіп, аяқ астынан жоқ болып кетеді деп есептейтінсің. Сезім қаншалықты терең әрі тұнық болса да, бір күні тәтті күйге бөлеген аппақ түстей сейіліп кететінін айтушы ең... Таңда тұрасың да, ол түсті ұмытасың деп.
Ендеше, мен сен үшін жай ғана түс бола салайын... Түсімде көрдім деп есептегін.
* * *
Адам бойындағы ең асыл қасиеті — сенімді болуы шығар. Сені сатып кетпейтіні, ұятқа қалдырмайтыны, сенен гөрі ыңғайлы, жақсырақ адамға айырбастамайтынын білу неткен бақыт десеңізші! Ол жалғыз өзіңді қараңғы, суық бөлмеде қалдырып кетпейді. Сен оның көмегі мен қолдауына ең мұқтаж сәтте көзіңе тік қарап: "Қазір уақытым жоқ" демейді. Жынды көбелек сияқты бір күнге ұшып келіп, қонақ қып күттіріп, сосын сезім өшті деп ұшып кете салғыш махаббатқа сене алмаймын. Жүрекке әмір жүрмейді, махаббат өлді деушілердікі шын махаббат емес болар? Махаббат деген қол ұстасқан екеу өмір бойы жан дүниесінде сақтап өтетін, жүректің жылуын өшірмейтін сезім. Шын махаббат сенімді болады. Менің өміріме келген адам жай қонаққа емес, мәңгілікке келгеніне сенімді болғым келеді. Ол мені тек бұл фәниде тауып, бақытты қылып қоймай, келесі мың өмірде де қасымнан табылардай болса... Маған уақытша дүниенің бәрі қызық емес, бір сәтке келіп қуантып, артынша кетіп жылататын, тұмандай сейіліп, көз алдыңда жоқ болатын сезімді махаббат деуге бола ма? Тек мәңгілікке келген сезімді қадірлегім келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі