Өлең, жыр, ақындар

Ата

Ата — туыстық қатынасты білдіретін атау.

— әкенің әкесі немесе ағасы;

— ерлі-зайыптылардың қайын әкесі (қайын ата);

— қадірлі қарт. Кіші ұрпақ үшін ол әрдайым Ата дәрежесінде болады;

— адамдардың туыстық, қандастық жігі;

— ру тармақтары;

— ежелгі, байырғы деген сөздердің баламасы (Ата мекен, ата кәсіп).

“Ата” — көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау. “Ата” сөзі тіркескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың аттарымен байланысты болып келеді. “Ата” — осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден шыққан. Демек, ол — ұран тектес сөз. Бұл, әсіресе, ежелден аталар рухына — аруаққа сыйынған түркі қауымдарына тән нәрсе. “Ата” — көне замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі-бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. Аумалы-төкпелі заманда империялық отаршыл және кеңестік қызыл саясат салдарынан шетке ауып кеткен қандас бауырлар Қазақстанның егемендік алуына орай өз ата мекеніне қайтып оралуда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз