Сахнада әжесі, атасы, қызы.
Атасы: Ау, кемпір! Бірлік ауылындағы Асандар руына арнап ас бергелі жатыр екен. Соған барып қайтайық. Бұған не дейсің?
Әжесі: Жарайды, отағасы. Барсақ барайық. (Қызын шақырады) Қызым, келе ғой. Біз көрші ауылға асқа кеткелі жатырмыз, мына үй-жай саған аманат. Бауырларыңа бас-көз боларсың.
Қызы: Жарайды, апа. Уайымдамаңыз. Әжесі мен атасы қызымен қоштасым шығып кетеді. (сахнаға қыздың құрбысы келеді).
Құрбысы: Аманбысың?
Қызы: Үйде бүгін жалғызбыз. Ата-анам көрші ауылға ауылға асқа кеткен.
Құрбысы қуанып: Ендеше құрбым бастаңқы жасасақ қайтеді? Көптен бері басымыз қосылмады ғой.
Қызы: Жасасақ, жасайық. (інісін шақырады):
Інісі: Ауыл жастарын үйге шақыр. Біздің үйде бастаңқы болады дерсің.
Музыка: Інісі жүгіріп сахнаны айналып хабарлайды. Халайық, біздің үйде бастаңқы болғалы жатыр, келіңіздер.
Музыка. Құрбысы мен қызы ауыл жастарымен амандасады.
Қызы: Қош келдіңіздер!
Құрбысы: Ал, жастар бүгінгі кешті жандырайық. Өненрлерімізді ортаға салайық.
Ауыл жастары 1: Бәрекелді! Олай болса, өненрімізді ортаға салайық.
Ауыл жастары 2: Келіңдер, біздің ауылдың жастары шықсын. Келіңдер ортаға (9а оқушылары)
Мадинаның орындауында «Мереке»
«Қыздар» биі
Сол жердегі жастар (9ә мен 9б оқушылары) Бәрекелді, жарайсыңдар (қолпаштап тұрады)
Ауыл жастары 3: біз де құр келген жоқпыз. Біздің де ән-шашуымыз бар. Ал қанекей, достар келіңдер ортаға. Шашуымызды шашайық! (9б оқушылары)
Би «Қонақжай қазағым»
(інісі сығалап жүреді)
Қызы: Әй, жүгірмек, не істеп жүрсің? Кел бері!
Інісі: Әпке, мен сендерді апам мен көкеме айтамын. Үйде бастаңқы жасады деймін. Көресіңдер!
Қызы: Сен де өскен соң осындай бастаңқы жасайсың. Апам мен көкеме айтпа. Ақысына не сұрайсың?
Інісі: Біз де өнер көрсеткіміз келеді.
Қызы: Жарайды! Көрсетсеңдер, көрсетіңдер.
Інісі: Достар, келіңдер. Өнерімізді ортаға салайық. (4 сынып оқушыларының өнері: 4 «а» - қазақша би, 4 «ә» - Арайлымның орындауында ән «Жеті қазына», 4 «б» - әң «Әз-наурыз»)
4 сыныптарға сыйлық беріп жатып,
Қызы: Інім, енді апам мен көкеме ештеңе йтпайтын шығарсың.
Інісі: Жарайды, әпке. (інісі достарымен шығып кетеді)
Құрбысы: Неге тоқтап қалдық? Кешімізді жандандырайық. Өз ауылымыздың өнерін тамашалайық. Нұрасылдың орындауында Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі.
Жанболат: Жігіттер, біз қалай қарап тұрамыз? Біз де өнерімізді көрсетейік. (сахнаға 9 «ә» сынып ұлдары келеді). Қыздар жалғастырады.
Ауыл жастары бір-біріне сыйлық береді.
Аналар бата береді.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі