Өлең, жыр, ақындар

Сұрақ – жұмбақтар

Балғындарым, түйіп алғын санаға,
Ең көп адам тұрады қай қалада?
(Корея, Сеул. 21.8 млн. адам)

Таң қаласың ғажап көп қой әлемде,
Білесің бе ең қысқа өзен қай елде?
(АҚШ, Ро өзені, ұзындығы 61 метр)

Деген сөз бар: естімеген елде көп,
Бола ма екен астанасыз мемлекет?
(Науру)

Әрбір адам бір – бірімен тең дейтін,
Қай ел екен орден, медаль бермейтін?
(Швейцария)

Ыстық жақтан іздеп қара сен мұны:
Білесің бе, бұл теңізді ең жылы?
(Қызыл теңіз)

Ыстық аймаққа кел дейтін ел,
Сегіз жүз тілде сөйлейтін ел.
(Үндістан)

Шөбі шүйгін сай – саланы кезетін,
Бұл қай жәндік аяқпен дәм сезетін?
(Көбелек)

Шаршамайтын шапса – дағы күн – түні,
Бұл да қазақ жылқысының бір түрі.
(Адай жылқысы)

Тұрақ еткен ыстық жер, шөл мекенді,
Білесің бе қояндай ақбөкенді?
(Африкалық Дин –дин)

Түз аңы ғой, төзімді, әрі сақ та екен,
Үлкендігі сиырдай – ақ ақбөкен.
(Африка. Канна)

Дүкендерде қызықты, әрі мол кітап,
Жеті ай ащы, төрт ай тұщы көлді тап?
(Индия. Самбар көлі).


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз