Барсакелмес қорығы

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / География / Барсакелмес қорығы

Барсакелмес қорығы — География бөліміндегі материал.

Материал — Барсакелмес қорығы, Қызылорда облысы, Арал қаласы, қорық — осы тақырыптарға байланысты.

Қорық Қызылорда облысы, Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 180 шақырым жерде орналасқан. 1939 жылы құрылған қорықтың аумағы 37 гектардан асады. Бұрын Барсакелмес арал болған, бірақ Арал теңізі құрғаған соң, шатқалға айналған. Бұл жерде бауырымен жорғалаушылардың 12 түрі, құстардың 178 түрі және сүтқоректілердің 27 өкілі мекендейді. Шатқалдың едәуір бөлігін жусан өсімдігі алып жатыр.

Теңіз кеуіп қалған кезде, 2000 жылы оның түбінен Кердері I кесенелері табылған. Бұл құрылымдар Ұлы Жібек жолының бір тармағында орналасқан. Ғалымдар ескерткіштерді шамамен 11-14 ғасырларға жатқызады. Кесененің биіктігі – 2,3 метр. Ол күйдірілген кірпіштен тұрғызылып, беті сәндік тақталармен қапталған. Аңыздар Оның атауына байланысты ел аузында әртүрлі аңыздар жүр, олардың бірінде: ертеде бірнеше қазақ тайпасы осы аумақты паналауға шешім қабылдаған. Қыс бойы осында өмір сүрген адамдар жабайы жануарлардың етін жеп, еріген қар суын ішу арқылы күнің көрген. Алайда жаз мезгіліндегі қатты құрғақшылықтың кесірінен, жергілікті тұрғындар сусыз және тамақсыз қалып, қырылып қалған. Олардың ешқайсысы қайта оралмағандықтан, халық бұл аралды «Барсакелмес» деп атап кеткен. 20 ғасырдың ортасында Барсакелмеске бір топ геодезист келген. Зерттеушілер топтың бір бөлігін жағада қалдырып, өздері аралдың орталығына қарай бағыт алды. Тиісті жерге жеткеннен кейін, жолдастарымен хабарласуға тырысқанымен, байланыс болмады. Бір сағат өткен соң байланыс түзелген, бірақ басқа геодезистер оларды бір тәулік бойы аралдың түкпір-түкпірінен іздеп жүргенін айтқан. Ғалымдар кемеге қайтып оралғанда, олардың әрқайсысының сағаты 40 минутқа алға жылжығаны анықталды.

Оқуға кеңес береміз:

Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барсакелмес қорығы деген не?

Бұл бетте Барсакелмес қорығы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал География бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Барсакелмес қорығы материалы География бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

География бөліміндегі басқа материалдар Барсакелмес қорығы тақырыбындағы материалдар Қызылорда облысы тақырыбындағы материалдар Арал қаласы тақырыбындағы материалдар қорық тақырыбындағы материалдар Cagida жариялаған басқа материалдар