Биназар батыр өз тұсында Ағыбай батырмен және Бөлтірік шешенмен үзеңгілес, дос-жар болған. Жас кезінде Сыпатай батырдың ақ батасын алған.
Бірде Биназар мен Бөлтірік жолға шығады. Ойлары ел тыныштығын байқау екен. Содан бір бұлақтың басына келіп ат шалдырады. Алаңсыз жатқан екеуін түнде аңдаусызда жеті адам байлап-матап алады. Олар сәлден соң: «ал, енді, өлең айтыңдар!» деп мазақ етеді. Сонда Бөлтірік шешен: «Сендер жетеусіңдер, біз екеуміз, екі шалды байлап қойып өлең айт дегендеріңе жол болсын. Несіне қорқасыңдар, қолды босатыңдар, өлеңді содан кейін айтайық», — дейді. Шынында неден қорқамыз дегендей әлгілер бұлардың қолын босатады. Сол кезде Биназар батыр:
— Астымдағы мінгенім Айторы еді,
Екеу ара өлеңді айтар едік.
осылардың төртеуін мен ұстасам,
Ер Бөлтірік үшеуін қайтер еді? —
деп төртеуін қапсыра бас салғанда, Бөлтірік батыр қалған үш жігітті тырп еткізбепті. Екі батыр енді әлгілердің өздерін байлап тастайды. Бірақ, артынан өздерінің аты-жөнін айтпастан босатып жібереді. Олар Ағыбай батырдың ауылынан екен.
Болған жайды естіген Ақжолтай Ағыбай батыр: «Е, сендердің айтып тұрғандарың Биназар мен Бөлтірік болды ғой, мұндай ерлік екеуінен басқа ешкімнің қолынан келе қоймайды», — деген екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі