Тана Есенгелді деген өте бай болған адам деседі. Он екі мың жылқысы болған екен деген аңыз бар. Мақалда да біреуді кекете сөйлегенде: «О, оның Есенгелдіден екі тайы кем дейді». Атасына моланы жылқының қылынан салды деп айтады.
Бөкеннің тәуір қызы болған екен. Бұл — есентемір Бөкен биі. Есенгелдінің баласы қасында бір жігіті бар Бөкен бидің қызын көрейін деп келіп қоныпты. Ол күні Бөкен би үйде жоқ екен, қызы оларды жақсы құрмет етіп, солардың бір пікірмен келгенін сезіп, төсек салып беріп, көрпені жауып жатып айтыпты: «Ата жолын қуып келген қонақ болсаң, қозғалмай жата беріңдер, өзім оятып алармын, ит қуып жүрген тентек болсаң, атамыздың тоны ескі, жыртып кетпеңдер», — деген екен. Сонда жұмбақтап айтқан қыздың сөзіне түсініп, қозғалмай жатып өрген екен. Таңертең қыз аттандырып жатып: «Жұмбағыма түсінгенің үшін сыйлығым», — деп атасының билікке барғанда киіп баратын зерден жасаған телпегі болады екен, сол телпекті кигізіп жіберіпті. Соңынан көп кешікпей Есенгелді Кіші жүздің басын қосып, жиын жасап Бөкенді шақырған екен. Бөкен қызына:
— Шырағым, Есенгелдінің жиынына киіп барайын, алтын телпегім қайда? — десе, қызы:
— Әке, менің басыма бір үлкен пәле келіп еді, сол телпекпен құтылып қалып едім, — депті. Бөкен үндемей жүре беріп, жиынға келсе, Есенгелдінің баласы Бөкеннің телпегін киіп алып, ат пен жиынға ет тартып жүр екен. Бөкен сол жерде: «Е, баламның басыма пәле келіп, құтылдым дегені Есенгелдінің баласы сөз айтып жүр екен ғой», — деп түсініп, ауылына келген соң, арнап кісі жіберіп шақыртып, Есенгелдімен құда болып, сонан соң қызын беріпті.
Есентемір Бөкен заманында құтпа сөз бермеген, алдына адам сөйлетпеген өте тапқыр шешен би болыпты. Есентемір Бөкен би байбақты Сырым бимен замандас және бірге асық ойнап өскен қадірлі құрбысы болыпты.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі