Сарыекең дауда сүрінбеген би, әйгілі шешен. Бидің шешендігін сынайыншы деп Шәбден манап бірде қырғыз-қазақ бас қосқан бір жиында төтеден сұрақ қойыпты:
— Қартайған адамның неше түрі болады? — депті.
— Қартайған адам үш түрлі болады. Не дана, не бала, не шала болады адам қартайғанда, — депті Сарыбай.
— Осыны тарқатып айтып бере аласыз ба? Сарыеке, — депті Шәбден. Сонда Сарыбай былай депті:
— Еліңе қадыры асса, дана демей немене, өсек пенен сөз тасыса, шала демей немене, алжып елден қашса, бала демей немене, — деген екен.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі