Қазақ қалмақпен жауласқан кезде, Еділдің бойында «Бөріхан» дейтін хан болған. Сол ханның «Бек» дейтін батыры болған. Бек батыр қалмақпен жауласып жүріп қолға түсіп қалған. Қолға түскен батырды әдепсіз көп қалмақ қол-аяғын байлап, қалмақтың ханына алып барған. Қазақтан қорлық көріп жүрген қалмақ жалғыз батыр қолына түскен соң, байлауын шешпестен қараңғы үйге салады. Сарыарқасын сайрандап жүрген ерке батыр қысымшылыққа шыдай алмай жаман жүдейді. Батырдың жатқанына дәл қырық күн болғанда, қалмақтың ханының үлкен тойы болады. Сол тойда хан былай деп жарлық қылады: «Бүгүн менің үлкен тойым, қуанышым, бүкүл тұтқындарымды босатам, бірақ қазақтың Бек батырын алып кел, өзім жауап сұраймын», — деп. Жасауылдары Бек батырды ханына алып келген.
Хан Бектен мына сөздерді сұраған: «Егер құтылып шығам деген ойыңда болса маған мынадай ант бер, сенің жолыңда жүрем, сенің дініңе кірем» деп. Сонда Бек батыр былай деп жауап берген: «Менің қалмақпен қаным қас, жаным қас, жарыққа шығам екен деп саған ант бере алмаймын, бүгін босансам, ертең саған жаумын», — деген. Сонда мұны апарып далаға тастаған. Қалмақтың ханының жалғыз қызы болған, аты — «Алтынжұлдыз». Алтынжұлдыз батырды көріп таң болып еді. Кешке далаға шығып тұрса батыр далада жатыр екен. Қыз жанына келіп сұрады: «Батырым, қай елден боласың?» Бек: «Менің елім қазақ, қазақтың жолында жанымды құрбан қылған бір жанмын». Алтынжұлдыз: «Батыр мен сені егер қазір босатсам, еліңе барғанда ханның қызы босатпады, өзім ерлігіммен босанып шықтым дер ме екенсің?!». Бек: «Бикеш, мені қазақтың батыры емес, қатыны деп жүрмісің?» деп жауап береді. Қыз бұған ғашық болып, сол жерде уәде байлайды. Батырды сол жерде босатып, өзі әкесін өлтіріп келуге әкесінің ордасына кетеді. Қыз келсе әкесі ұйықтап жатыр екен. Қолтығынан қанжар тығып өлтіріп, екі тұлпарын, алтын, күміс, бәрін алып батырға келген кезде таң да сіберлеп атқан екен. Батырмен қосылып, ел-жұртымен қош айтысып жүріп кетті. Арада бірнеше күн өтті, бұларды қуатын қалмақтар ханы өліп аза қылып жүргенде бұлар еліне келіп жетті. Еділ бойындағы елін, жұртын көріп, аман-есен табысып, бар мұратына жеткен екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі