
Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күн екеуі жортып келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келеді.
Қасқыр қасындағы түлкіге:
— Ал, сен жей ғой, достым, – депті жол беріп.
Түлкі арсалаңдай күліп:
— Менің аузым ораза ғой, достым, білмеуші ме едің? Сен-ақ жей бер, – дейді.
Қасқыр етті жемек болып, тұмсығын созады. Енді шетінен тістей бергенде, мойнын қақпан қауып алады. Ет бір шетке ұшып түседі. Түлкі етті қағып алып, қылғи салады.
Мұны көріп тұрған қасқыр:
— Ей, достым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – деп сұрайды.
Түлкі қылмың қағып:
— Менің аузымдағы ораза ашылып, сенің мойныңа түсті ғой, – деп зыта жөнеліпті.

МЕН бул ертегыге риза болдым
Болады жақсы екен
маган унады
Туу маған .Шартты райға катыстырып осы түлкі мен қаскырды жалғастыруым керек еді
muuu magan warti raidagi kerek edi
Әдемі! Сайтта ертегі, мақал, өлең, қызықты мәліметтер көп екен! Ұнады! Сайттарыңыз дами берсін!!
Әнші
Маган оте катты унады
Маган оте унады
Рахмет ертегілер оте жаксы
Маганда ұнады
Жаксы бирак мен издеген емес
Маган қасқыр мен түлкі арасындағы әңгімені Диалог Түрінде шарты раи етістіктерін қатыстыра жазып шығың дар комек тесесндер. ме
Маган ертеги оте унады
Қайратов
Өте керемет екен балаларымаокып бердим.
keremet ertegi
Авторы кім
?
Халық ертегісі шығар
Әдемі қысқа ертегі
Өте қызықты!
жақсы ертегі!
Қу Түлкі мен қасқыр ертегісі текстті толық екен!