Түлкі, тасбақа және кене

Басты бет / Қазақша ертегілер – балаларға арналған / Түлкі, тасбақа және кене

Түлкі, тасбақа және кене — Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі материал.

Материал — түлкі, тасбақа, кене, ертегі — осы тақырыптарға байланысты.

Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен.

Үшеуі ойласып:

— Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық ,– дейді.

Түлкі бір жарды көріп:

— Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады.

Тасбақа байғұс жер тырналап, кене сорлы тарыны жиып, егіп, әлекке түседі. Сөйтіп, көп бейнет шегіп, піскен соң, ол тарыны орып алады. Бастырғанда, бір аяқ тары болады. Біреуі барып, түлкіні шақырып келеді. Түлкі келе сала:

— Бұл тарыны үшеуімізге бөлуге болмайды. Үшке бөлгесін, бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді дейсің. Онан да үшеуіміз жарысып, қай озғанымыз алайық, – дейді.

— Мақұл! – деп, үшеуі бір жерге келіп, қатарласып тұрады.

Түлкі:

— Ал, кеттік! – деп, жөней бергенде, кене түлкінің башпайына жабысып, бірге кетеді. Түлкі өліп-өшіп, барынша жүгіріп келіп, қырманға отыра бергенде, кене:

— Ай, сорлы, мені басып өлтіресің бе? – дейді.

— Ой, сен қашан келдің? – дейді түлкі.

— Сен бағана «Ал, кеттік!» дегенде-ақ мен келіп қалғамын! – дейді кене.

Екеуі дауласып жатқанда, аузы-мұрны қан-қан болып, тасбақа келеді. Келе сала:

— Ойбай, түлкі, мен бір бәле көріп келдім! Жаңа сендердің артыңнан екі қарагер аты бар, қара бүркіті бар және екі тазысы бар екі адам келіп, жаңағы қасыңдағы түлкі жолдасыңды тауып бер деп, менің аузы-мұрнымды қан қылды. Сонда да айтқаным жоқ, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.

Түлкі:

— Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер! Мына тарыны екеуің тең бөліп ал, мен сендерге риза болайын. Олар келсе: «Білмейміз, қайда кеткенін» деңдер, – деп, тұра жөнеліпті.

Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене бөліп алыпты.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Мағауия

Көптен "Түлкі, тасбақа және кене" ертегісін таппай жүр едім, ғаламттордан табыла қалғанында, бек қуандым! Міне, қазақ ғаламторының беталысына үлес қосқан "Білім алдың" еңбегі. Рахмет айтамын. 25 жылдық өтілі бар мұғаліммін.

Болат

Қызық қысқа ертегі, рахмет, іздегенімді таптым!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түлкі, тасбақа және кене деген не?

Бұл бетте Түлкі, тасбақа және кене тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Түлкі, тасбақа және кене материалы Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі басқа материалдар түлкі тақырыбындағы материалдар тасбақа тақырыбындағы материалдар кене тақырыбындағы материалдар ертегі тақырыбындағы материалдар қысқа ертегі тақырыбындағы материалдар қысқа ертегілер тақырыбындағы материалдар Bain жариялаған басқа материалдар