Бұқабай мергеннің өтірігі

Басты бет / Қазақша ертегілер – балаларға арналған ең үздік жинақ / Бұқабай мергеннің өтірігі

Бұқабай мергеннің өтірігі — Қазақша ертегілер – балаларға арналған ең үздік жинақ бөліміндегі материал.

Материал — Бұқабай мергеннің өтірігі, өтірік — осы тақырыптарға байланысты.

Лепсі уезіне қарайтын Матайдың аталығы Шоқпар Бұқабай деген кісі де өтірікке келгенде, ешкімге есесін жібермейтін желдіртпе кісі екен. Елді аузына қаратып, сол соғады дейді.

— Қаңтар туысымен қарсақ тонымды бастыра киіп, қара шолақ өгізіме мініп, тобылғыдан түлкі түртіп, қасқыр қағып келе жатып, арыстанның алты жұмыртқасын омбы қардан ұрып алдым да, ойдан қашқан отыз түлкіні алты жұмыртқамен жіберіп ұрып, жіберіп ұрып, түлкінің бәрін жау жапырақтай түсіріп, сайды әкеме ас бергендей қан сасыттым.

Шыбық садағым, ши оғыммен құралайды көзге атамын. Сеңгірде селтиіп тұрған кер құланды тартып қалғанымда, оғым атқан құланның оң танауынан кіріп, сол құлағынан шығып, алдыңғы оң аяқтың турасын жұлып, артқы сол аяқтың түяғын түсіріп, сан етті аралап, өрлей шығып, құйрықты қуып отырып, үстінен шығып кетіпті.

Аңғал сайдың алшасына салып тастаған қақпаныма күнде отыз арлан, тоқсан түлкі түсетін болды. Күнде бір қақпаннан бір ауыр көген аң аламын. Біреуінің кірпігінен, біреуінің мұртынан, біреуінің мүйізінен, бірінің құлағынан, көбі аяғынан, азы тұяғынан түседі де жатады, түседі де жатады дейіт дейді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұқабай мергеннің өтірігі деген не?

Бұл бетте Бұқабай мергеннің өтірігі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақша ертегілер – балаларға арналған ең үздік жинақ бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Бұқабай мергеннің өтірігі материалы Қазақша ертегілер – балаларға арналған ең үздік жинақ бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақша ертегілер – балаларға арналған ең үздік жинақ бөліміндегі басқа материалдар Бұқабай мергеннің өтірігі тақырыбындағы материалдар өтірік тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар