Иса қу

Басты бет / Қазақша ертегілер – балаларға арналған / Иса қу

Иса қу — Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Иса қу бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Бұрын Иса деген бір қу сарт ел аралап келе жатып, кешке жақын қонайын деп, қонақпын деп барса, ешбір адам қондырмапты. Біреулер «үйде кісі жоқ», біреулер «үйіміз тар», біреулер «үйімізде қонақ бар», — деп, ешбір адам қондырмапты. Ылажы жоқ, күн батып кеткенде елден көңілі қалып, енді кімге қонамын деп, бір бел жотаға шығып, қарап тұрса, бір-екі адам бір ауылға ат қойып, «бауырым-бауырым» деп, ат қойып беріпті. Иса қу:

— Не болса, болсын, — деп, бұл екі адамға қосылып, «бауырым, бауырым» деп, Иса да қосылып шауып, бір үйге келіп, ол үйдің ер-әйелдеріне әлгі екі кісімен бірге көрісіп, жыласып, отыра беріпті. Ат қойып келген екі кісі ойлапты, осы үйдің бұ да бір жекжаты шығар деп.

Үй иесі:

— Бұл ат қойып келген екі жекжаттың бұ да бір жолдасы шығар, — деп, үй иесі де сұрамапты. Түнімен бұлармен бірге әбден асқа, тамаққа тойып, жатып, ертеңіне кеткен екен.

* * *

Және бір күн Иса тағы келе жатса, бір үйге «әке-көке» деп қоныпты. Иса қонған соң үйдің иесі — бәйбіше Исадан қызғанып, шаңырақта тұрған санды дереу бір орамалмен орап, іліп қойыпты. Иса үйге кірген соң сүт қатпаған қара шай мен талқан беріп:

— Қонағым, жайың болмағанға ренжіме, — депті.

— Болмады, асып беруге мал сояйық десек, мал көктеуге кеткен еді, қолымызда мал жоқ. Ыразы болып, осымен жатарсыз да, — деді бәйбіше.

Иса сонда:

— Бәйбіше, рақмет, осы сіздің үйіңіздің уығы қанша болды екен? Осындай бір үй сатып алайын деп ойлайым. Мына үйіңіздің уығын санап көрсем, қалай болар екен?

Бәйбіше, екеулеп әрі-бері санап жіберелік. Анау ілулі тұрған саннан былайғысын сіз санаңыз, саннан бергісін мен санайын, — депті.

Бәйбіше бұл қудың санды сезіп қалғанын біліп:

— Ай, қонағым, қу екенсің. Бір жекжатқа сақтаған едім. Ол ұрлығым білініп қалды. Енді асып бермесем, болмас, — деп, бақанды қолына алып, шаңырақтағы санды түсіріп, Исаға асып берген екен.

Тамаққа тойып, Иса қу ертеңіне атына мініп, аттанып жүріп кетіпті.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иса қу туралы не білуге болады?

Бұл бетте Иса қу тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі басқа материалдар Иса қу тақырыбындағы материалдар қазақ ертегілері тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар