Қанапияның әзілі

Басты бет / Қазақша ертегілер – балаларға арналған / Қанапияның әзілі

Қанапияның әзілі — Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Қанапияның әзілі бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Ертеде Қанапия Басығара баласы өзі бір кездерде Аманқарағай болысына ауылнай болған. Сонда бір орыс қазақтан ат сатып алады. Сонда Қанапия аттың түс-таңбасына мынадай деп жазған екен:

— Ауылнайымыз — Лаңіскі,
Болысымыз — Сергелдескі.
Әкем аты — Шала,
Өзім атым — Көмір, —

деп, орысқа осы қағазды атпен бірге беріп жібереді.

Бір күндері болғанда орыс осы атын жоғалтады. Содан бас судияға орыс арыз беріп, аттың жөнінде жоғарыдағы мәліметті хабарлайды. Сонда бас судия мұндай «Сергелдең болысы, әкем аты — Шала, өзім атым — Көмір» деген кісі бізде жоқ. Ай, бұл Қанапия қудың ісі ғой, — деп күлген екен. Атын жоғалтқан орыс, сөйтіп, атын таба алмаған екен.

* * *

Ертеде Басығараның ауылындағы бір қақпаншы, аң аулайтын аңшы көрші шал болған екен. Бұл кісі бір күні ағаштың ішіне қақпан құрады.
Қақпанын қарауға барса, бір тырдай жалаңаш адам қақпанды сүйретіп, еңбектеп, қақпаншы шалды қорқыту үшін осы қалың ағаштың ішінде жүрген екен. Шал ертемен таң ата қақпаныма не түсті екен деп барса, бір тырдай жалаңаш адамның қақпанға түсіп, оны сылдырлатып, еңбектеп жүргенін көріп, үрейі ұшып, қорқып, қашып келе жатып:

— Құдай, мына пәледен құтқар. Егер осы пәледен құтқарсаң, жалғыз бұзауымды садақа қылып шалып, етін халыққа жегіземін, — деп, жалғыз бұзауын сойып, етін асып, халыққа етін жегізеді.

Сонда көпшіліктің ішінде отырған Қанапияның әкесі Басығара шалға:

— Не көрінді саған жалғыз бұзауыңды сойып, түс көрдің бе әлде? — деп сұрағанда, шал:

— Ағаштың ішіне құрған қақпанымды көрейін деп барсам, қақпаныма адам суретті бір нәрсе түсіп жатыр екен. Содан шошып, қорықтым. Сосын бұзауымды осыдан құтылсам, құдайы қыламын деп, айтқан едім. Соның үшін сойдым, — дейді. Сонда «құдайың қабыл болсын», — деп, күледі де айтады:

— Біздің әлгі андат ауылда ме еді? — деп, көпшіліктен сұрап, «ай, осыны істеп жүрген біздің қу болар-ау», — деп, Басығара өзі күледі де қояды. Сөйтіп, жұрт, халық жалғыз бұзаудың етін жеп, тараған екен.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанапияның әзілі туралы не білуге болады?

Бұл бетте Қанапияның әзілі тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі басқа материалдар Қанапияның әзілі тақырыбындағы материалдар қазақ ертегісі тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар