Қу Дүйсеннің әкесі кедей болған. Қу Дүйсеннің билік құрып, сөзге араласып жүрген кезінде осы кедейлігі бетіне көп басылатын болған. Елдің айтуына қарағанда, Дүйсен бұл кедейлігіне намыстанбақ түгіл, мақтаныш ететін болған.
Қу Дүйсен бір жол жүріп бара жатқанда Етекбайдың Бекмағамбетінің үйіне түседі. Бекмағамбет мысқылшыл адам екен, қу Дүйсенді сыртынан білсе де:
— Қай ел боласыз? — дейді. Сонда Дүйсен:
— Керей, керей ішінде сықыл, сықыл ішінде кепек, әкем — Тілеулі, — дейді. Сонда Бекмағамбет тағы да:
— Сіздің елде шегір Дүйсен, сары Дүйсен, ұры Дүйсен дегендер бар, соның қайсысы боласыз? — депті.
Дүйсен:
— Біз қу Дүйсен деген боламыз, — депті.
Бекмағамбет:
— Атаң — Кепек, шөккен түйеге міне алмайтын еді.
Әкең — Тілеулі, қой бағуға жарамайтын еді,
Боққа шыққан сүйріктей
Сен қайдан пысық болып тудың? —
депті. Сонда Дүйсен:
— Жаманнан жақсы туса, нұр боп туады. Жақсыдан жаман туса, жын боп туады деген. Біз нұр боп туған шығармыз, — депті.
Бекмағамбеттің бір баласы жынданып, Омбының ауруханасында жатыр екен. Дүйсеннен жеңіліп, жер шұқып, отырып қалыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі