Қу Дүйсен

Басты бет / Қазақша ертегілер – балаларға арналған / Қу Дүйсен

Қу Дүйсен — Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Қу Дүйсен бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Қу Дүйсеннің әкесі кедей болған. Қу Дүйсеннің билік құрып, сөзге араласып жүрген кезінде осы кедейлігі бетіне көп басылатын болған. Елдің айтуына қарағанда, Дүйсен бұл кедейлігіне намыстанбақ түгіл, мақтаныш ететін болған.

Қу Дүйсен бір жол жүріп бара жатқанда Етекбайдың Бекмағамбетінің үйіне түседі. Бекмағамбет мысқылшыл адам екен, қу Дүйсенді сыртынан білсе де:

— Қай ел боласыз? — дейді. Сонда Дүйсен:

— Керей, керей ішінде сықыл, сықыл ішінде кепек, әкем — Тілеулі, — дейді. Сонда Бекмағамбет тағы да:

— Сіздің елде шегір Дүйсен, сары Дүйсен, ұры Дүйсен дегендер бар, соның қайсысы боласыз? — депті.

Дүйсен:

— Біз қу Дүйсен деген боламыз, — депті.

Бекмағамбет:

— Атаң — Кепек, шөккен түйеге міне алмайтын еді.
Әкең — Тілеулі, қой бағуға жарамайтын еді,
Боққа шыққан сүйріктей
Сен қайдан пысық болып тудың? —

депті. Сонда Дүйсен:

— Жаманнан жақсы туса, нұр боп туады. Жақсыдан жаман туса, жын боп туады деген. Біз нұр боп туған шығармыз, — депті.

Бекмағамбеттің бір баласы жынданып, Омбының ауруханасында жатыр екен. Дүйсеннен жеңіліп, жер шұқып, отырып қалыпты.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қу Дүйсен туралы не білуге болады?

Бұл бетте Қу Дүйсен тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі басқа материалдар Қу Дүйсен тақырыбындағы материалдар қазақ ертегілері тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар