Әбсәт (Алтай-Сайдәлі) деген қу жігіт болыпты. Әбсәт жүрген жер ойын күлкі, қызықтан босамайды екен. Жаз айының ішінде Әбсәт ел арасында келе жатса, екі жолаушы кездесіпті. Жөн сұрасса, Тамадағы ұзатылған қызына бара жатқан адам екен. Әбсәт те бірге жүріп, Тамаға кетіпті. Түні бойы түн қатып жүріп отырып, күн шыға бір биікке келіп, аттарын шалдырып, жан-жағына қараса, алдыңғы алқаптан қалың көш келеді екен. Көшті көріп, Әбсәт жолдасын көшбасшыға жіберіп, өзі қасындағы қарт адамның қоржынындағы әйелдің киімін алып, әйел болып киініп, ауыл қонатын көгалға келіп, екі аттың үзеңгісінен шылбырын керіп байлап, толғатқан әйел болып, жырлап тұрыпты. Келе жатқан көш Тама ішіндегі Отыншы дейтін үлкен байдың көші екен. Қасында бес кісісі бар. Отыншы бай көштен озып, қоныс қарап келіп, ауыл қонатын жұртта толғатып тұрған әйелдің қасындағы екі кісіге келеді. «Арғын боламыз, ұзатқан қызымызға бара жатыр едік. Жол үстінде келінім толғатып, қиын болып тұрғаны», — дейді қарт жолаушы. Ол кезде Әбсәт, тіпті, бебеулеп, шыдамсызданады. Отыншының көші де келеді. Көштің алдынан пәуеске арбаға мінген бәйбіше де келеді. Бәйбішеге қарап: «Мынау — жолаушы әйел, қысылып тұр екен, бейбақтың ішін ұсташы», — дейді Отыншы бай. Бәйбіше тақап келгенде, Әбсәт бөксесін кейін жіберіп, еңкейе береді. Бәйбіше келіп, ішін ұстап:
— Апырай, бала жоғары өрлеп тұр ма, қалай, кіндігі беліне жабысып кетіпті, — дейді.
Ауылдың әйелдері де жиналып қалады. Аңқаулау ұзын бойлы сары әйел келіп, «бісмілла» деп, ішін ұстай бергенде, Әбсәт шалқая береді. Әйел бала төмендеп шатқа тірелген бе деп, қолын төмен жүгірткенде, қолымен Әбсәттің астын ұстай алып, ұялғаннан кейін барып, отыра қалады. Екінші бір пысықтау әйел келіп, белінен тарттырады. Бала қайда екен деп, тағы қолын жүгірткенде, о да ұстай алады да, «көтек, еркек қой» деп, қаша жөнеледі. Сол кезде Әбсәт шәлісін сыпырып тастап, «рас айттыңыз, еркек едік», — деп, түрегеледі. Отыншы бай бетіне қарап, «ой, антұрған, сен Әбсәт қу емеспісің?» — дейді.
Үйіне апарып, сыйлап, бір бесті ат мінгізіпті, Әбсәт бір қатар ойын көрсетіпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі