Сәмен мен Бақтияр дейтін замандасы кеңесіп отырып, әңгіменің арасында Бақтияр өзінің әйелін мақтайды. «Әйелім өзіме сенеді, мен арамдық істемейім, о да аман, кісі сөзіне ермейді», — дейді. Сәмен:
— Ол бекер, ол ашуланады да, сөзге де ерер, — дейді. Ақыры, екеуі сөз байласады. Сәмен азғырмақшы болады.
Бір кезде Сәмен Бақтиярдың үйіне келіп, ешнәрсе күтпестен Құран оқиды. Артынан көңіл айтады. Сонда отырған 4-5 адамға:
— Е, Бақтияр анаугі ана елден әйел алмай, басқа елден әйел алған ба? — дейді. Отырғандар аң-таң болып, «жоқ, ондай, мұнда [й] өзгеріс болған жоқ», — дейді.
Сәмен:
— Неге Бақтияр… ана қалхоздан бір әйелге сөйлесіп жүр еді, — дейді. Сол кезде Бақтияр келеді. Бақтияр кірісімен әйелі алдынан тұра жүгіріп:
— Е, мені тірідей өлді деп, Құран оқытып, әйел алмақшы болып жүр екенсің ғой, әйеліңді барып ал, — деп, ұрысады.
Бақтияр басында түсінбей, аң-таң болып отырады. Сәменге қарайды, жан-жаққа қарайды. Аң-таң. Сонда Сәмен:
— Ә, Бақтияр, сенің әйелің ашуланбайды екен, — дейді. Сонда Бақтияр:
— А, Құдай ұрған екен! — деп, сонда түсінеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі