Бұрынғы заманда бір адам жол үстіне егін салыпты. Сол егін піскен уақта бір адам көшіп келе жатып, жеп қойыпты. Егінші мен жеген адам ханға келіп, егінші:
— Мынау егінімді жеп жеп қойды, — дейді. Анау:
— Ырас, жолмен көшіп келе жатып, қараңғыда жолдан бұрылмай, жол үстіне қондым. Енді қайда қонам? Көргенім жоқ, малым жеп қойды, — дейді.
Хан:
— Жындысың ба? Елдің жолына неге егін салдың, жолмен жүрерін білмедің бе? — дейді.
Егінші:
— Сен өзің қатыныңмен бірге жатып, бала туып, оның өлерін білмедің бе? — деп, жүріп кетіпті.
Ханның жалғыз баласы сол арада ғана өлген екен дейді. Сонан соң хан баласының өлгеніне ренжігенін қойып, тәуба қылыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі