Бір күні Қожа Насредден ас пісіруге көршісінен қазан сұрап алыпты да, ас пісіріп болған соң ішіне өзінің темір шөмішін салып, көршісіне апарып беріпті:
— Қазаның аман-сау туды, — деп. Көршісі:
— Бір темір шөміш пайда қылдым, — деп ішінен ойлап, қала беріпті.
Екінші — Қожа Насредден тағы көршісінің қазанын сұрай барады. Көршісі тағы сөз айтпай, беріп жібереді. Қожа Насредден асын пісіріп болған соң қазанды ортасынан қақ жарады да, көршісіне апарып тұрып, айтады:
— Алла қайырын берсін, қазаның пәни дүниеден бақи дүниеге көшті, — деп. Көршісі шошып кетіп:
— Пәни дүниеден қазан көшетін бе еді? — дейді.
Сонда Қожа Насредден айтыпты:
— Қазан туды дегенде нанып, менің темір шөмішімді алып қалып едің, енді қазаның өлді дегенде неге нанбайсың? — деп, үйден шығып кетті.
***
Бір күндері Қожа Насредденнің бұзауы жамырап кетіпті. Артынан қуып, ұстай алмаған соң үйдің қасындағы көлеңкеде жатқан өгізді сабапты.
— Неге сабайсың? — деп сұраған кісіге айтқан сөзі:
— Үлкен өгіз үйретпеген соң кішкене бұзау ненің мәнісін білсін? — депті.
***
Бір күні Қожа Насредден түн ішінде ұйықтап жатқан қатынын «тұр-тұрлап» оятып алыпты:
— Көңіліме бәйіт келді, — деп.
Қатыны сөзін қайырмай, тұрып, шамын жағып беріпті. Сонда қолына алып жазған бәйіті мынау екен.
— Ақ қағаз, қара сия,
Көк жапырақ, қызыл алма, — деп жазыпты да, қайта жатыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі