Балқаймақ

Басты бет / Салт-дәстүр / Дастарқан / Балқаймақ

Балқаймақ — Дастарқан бөліміндегі материал.

Материал — балқаймақ, Емдік балқаймақ, Балқаймақ қалай жасалады, сүттен жасалатын ұлттық тағам — осы тақырыптарға байланысты.

Балқаймақ — сүттен жасалатын ұлттық тағам.

Тағамдық тез әзірленетін тәтті тағамдардың бірі болып табылады. Қазақ дастарханынан жиі көрінетін осы сыпайылар тамағы кәдімгі қаймақтан жасалады. Жаңа тартылған қаймақты шағын ыдысқа салып, оны май болып сұйылып кетпейтіндей жағдайда баяу қайнатады. Қайнау сәтінде аздап бал, немес қант және ақ ұн сеуіп араластырып отырады. Сәл суығаннан кейін кімге болсада ұялмай алдына қоюға болады. Қазақ дәстүрінде сары май, "балқаймақ" ақлақ жеген қонақтар бізге ет асып бермедің деп өкпелемейді. Қайта жеңсік тағам бергені үшін ризалық білдіреді. Қайраткер этнограф Өзбекәлі Жәнібеков балқаймақты түйе сүтінен қайнатып жасады деп жазған.

Балқаймақ қалай жасалады

Ұн түсі алтындай сарғайғанша шала қуырылады. Содан соң оған қаймақ, бал қосып, араластырылады. Масса үздіксіз араластыра отырып 10 минут бойы қыздырылады. Дастарқанға ыстық күйінде әкелінеді.

Бұл тағамды жасауға 900 грамм қаймақ, 50 грамм бидай ұны, 100 грамм бал жұмсалады.

Емдік балқаймақ

Емдік балқаймақты дайындаудың өз ерекшелігі бар. Ол сырқаттың түріне байланысты. Мысалы, асқазан ауруын емдеу үшін таңертең ерте сауылған 10 л сиыр сүтін қызуы аз отқа жарты сағаттай шымырлатып қайнатады да, оған 700-800 г. сарымай, сонша таза бал, 10 г. ұнтақталған қызыл бұрыш қосып, әбден қоюланғанша қайнатады. Суыған соң эмалданған ыдысқа салып, салқын жерге қояды. Күніне үш рет 2 ас қасықтан, 1 ай ішеді.

Оқуға кеңес береміз:

Сүттен жасалатын тағамдар



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балқаймақ деген не?

Бұл бетте Балқаймақ тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Дастарқан бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Балқаймақ материалы Дастарқан бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Дастарқан бөліміндегі басқа материалдар балқаймақ тақырыбындағы материалдар Емдік балқаймақ тақырыбындағы материалдар Балқаймақ қалай жасалады тақырыбындағы материалдар сүттен жасалатын ұлттық тағам тақырыбындағы материалдар тағам тақырыбындағы материалдар сары май тақырыбындағы материалдар Cagida жариялаған басқа материалдар