Жеткіншекке бата — Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі материал.
Материал — Жеткіншекке бата, бата, баталар, балаларға баталар — осы тақырыптарға байланысты.
Өнері өрге өрлесін,
Құлашын кең сермесін.
Күш-қуаты кернесін,
Озат болып ерлесін!
Биіктерге төрлесін,
Қауіп-қатер төнбесін.
Жаманшылық көрмесін.
Бақыт жұлдызы сөнбесін.
Жас ұрпақ ғұмырлы болсын,
Ата-анаға мейірімді болсын.
Қуанышты, көңілді болсын,
Еңбегі өнімді болсын.
Сабырлы, төзімді болсын,
Ақылды,сезімді болсын.
Абыройлы, беделді болсын,
Алуан түрлі өнерлі болсын.
Табысы таудай келелі болсын.
Сөзі өткір, жүйелі болсын.
Халқының жанкүйері болсын!
Еліміздің қамқор тірегі болсын!
Ізгі тілегі қабыл болсын!
Әкесі, өзі, баласы, немересі,
Шөбересі, шөпшегі, немересі, туажаты,
Жұрағаты, жекжаты,
Аман болып, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалайтын заман болып,
ұрпағымыз аман болып, өміріміз ұзақ болсын!
Әумин, Аллаһу әкбар!
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Жеткіншекке бата материалы Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Бұл бетте Жеткіншекке бата тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі