Өлең, жыр, ақындар

Ұл балаға бата

Жорытқанда, балам, жолың болсын,
Қалтаң байлыққа толсын,
Бір толмасын, жылда толсын,
Өмір жасың ұзақ болсын!
Қатарыңнан озған өрен бол,
Қыз көзіндей терең бол,
Сынай қалса – құлақ сал,
Мақтай қалса – керең бол!
Әумин!

*** *** *** ***

Жүсіптің дидарын берсін,
Ибраһимнің иманын берсін,
Пайғамбардың кеңдігін берсін,
Әзірет Әлінің ерлігін берсін!
Абылайдың байрағын берсін,
Батыр Бауыржанның айбарын берсін!
Еліне ырыс-құт орнасын,
Жеріне тыныштық орнасын!
Өсек-аянның құрбаны болмасын,
Озбырлардың шұлғауы болмасын!
Көлденең келер қазадан,
Жазықсыз төнер жазадан
Алла Тағала қорғасын,
Абыройын асырып қолдасын!

*** *** *** ***

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Жатқанбаева Ұлдана

Өте керемет бата!Осы баталар балаларымызға жол көрсетсін!!!

Бекзат

Ұл балаға арналған ең әдемі баталар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз