Бір қумен момын тамыр болады. Қу соғымға момынның екі жылғы ту биесін алып сояды. Момын балаларға ермек болсын деп қудың бір лақты ешкісін алады. Ақыры екеуі айтысып, айырылысып кетеді. Қу момынның жылқысын қайырмайды. Момын малын даулап, ханға жүгінеді. Хан екеуін тергегенде, алдымен қу сөйлейді:
— Рас, мұның байталы ту еді,
Бірақ құландамайтын қу еді.
Менің ешкім егіз табатын
Іші маңыраған лақ еді.
Сүті ағып тұрған бал еді.
Мүйізі қамшыға сап еді,
Еті тамағыма бап еді.
Терісі борбайыма қап еді, — дейді.
— Олай болса мұның ешкісі сенің байталыңмен барабар екен, — деп хан екеуін бітістірген екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі