Қобыланның жалғыз өгізі бар екен. Сол елде Даният абыз деген абыз бір жұмысына сұрай келеді. Үлкен баласы бергізбейді.
Сонда Қобыланның айтқаны:
Қара жорға атанған қайран күнім,
Қанша жорға болсам да, шықты мінім.
Бала ержетіп аяқтан алғаннан соң,
Ағайынға кетеді-ау енді сыным.
Үлкен баласы бөлек үй болып, кенже баласының қолына шығады. Келін мен бала онша дүзу қарамайтын болса керек.
Сонда айтқаны:
Баланың ең жақсысы кенжесі екен,
Тəтті, дəмді бар болса, сол жесе екен.
Қатын алып, баланы үйлеген соң,
Кəрісін жақтырмайды, ол несі екен?!
Келініне айтқаны:
Кəрілік, шіркін, келдің кезіменен,
Келін жақсы көрмейді көзіменен.
Тарсылдатып таяқпен ұрмаса да,
Ұрғандай ғып жүреді сөзіменен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі