Технология әлемінде биылғы жылдың ең айтулы оқиғасы GPT-5 шығарылымы болуы мүмкін. Оның алдыңғы нұсқаларын пайдаланғандар бұл жаңалықты асыға күтуде, дегенмен әлемдегі ең жетілдірілген жасанды интеллект жүйелерінің бірінің пайда болуы сарапшылар арасында екіұшты қабылдануда. GPT-5 деген не, жаңа нейрожелінің әлеуеті мен мүмкіндіктері қандай, оны енгізу неге әкеп соғатынына талдамалық шолу.
GPT – Generative Pre-trained Transformer, америкалық OpenAI компаниясы шығарған табиғи тіл өңдеу алгоритмі. Нейрондық желінің басты ерекшелігі – ақпаратты есте сақтау мен талдау қабілетінде және соның негізінде жүйелі және логикалық мәтін құруында.
Қуатты тілдік модельде жеке сөздер арасындағы байланыстарды табуға және сөздер мен сөйлемдердің ең логикалық реттілігін есептеуге мүмкіндік беретін «трансформатор» архитектурасы бар.
GPT және басқа да тілдік модельдердің пайда болуы заманауи адам өміріне жасанды интеллект енгізу жолындағы маңызды кезең болды. Генеративті нейрондық желілердің мүмкіндіктері мұнымен тоқтап қалмас анық. Таяу жылдары AI технологиялары сауда, маркетинг, тұтынушыларға қызмет көрсету және басқа да салаларда сұранысқа ие көптеген мамандықтарды алмастырып, еңбек нарығының өзгеруіне үлкен әсер етуі мүмкін.
2018 жылы әзірлеушілер GPT-1 атты осы нейрондық желінің алғашқы толыққанды нұсқасын шығарды. Алғашқы нұсқасы сәтті шыққан соң OpenAI мамандары GMT-2, GMT-3 және ChatGPT әзірлеп шығарды. ChatGPT – диалог режимінде жұмыс істейтін жасанды интеллект чат-боты. Ол GPT-3.5 тілдік моделінің жетілдірілген нұсқасына негізделген.
Ал GPT-4-тің соңғы нұсқасы өткен жылдың наурыз айында таныстырылды. Нейрондық желінің 4-ші нұсқасының маңызды артықшылығы – оның әртүрлі пәндер бойынша емтихандар мен сынақтардан өту қабілетін жақсарту болды. Ол бірқатар пән бойынша тамаша нәтижелер көрсетті, орташа адамның жетістіктерін айтпағанда, өзінің алдыңғы GPT-3.5 көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түсті.
GPT-4-тен кейінгі келесі OpenAI моделі – GPT-5 жасанды интелектіні жаңа бір деңгейге шығаруы әбден мүмкін. Жаңа буын моделі алдыңғы қуаттан әлдеқайда жоғары болады деп күтілуде. Бұл модельдің негізгі мақсаты — адамзатты AGI-ге жақындату, бұл адамның миы сияқты мәтін жазудан бастап ақылды үйді басқаруға дейінгі көптеген тапсырмаларды орындай алатын ақылды машина.
GPT-5 одан да жоғары сапалы және креативті мәтіндер шығаруға, тілдерді аударуға, әртүрлі шығармашылық мәтіндер жазуға, әртүрлі тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беруге, сондай-ақ табиғи тілді өңдеуге қатысты көптеген басқа тапсырмаларды орындауға қабілетті болады.
«Жетілдіру траекториясына қарасақ, GPT-3 жүйелері шамамен балалардың интеллект деңгейінде болды. GPT-4 жүйелері – орта мектеп оқушысының интеллектіне көбірек ұқсайды. Алдағы екі жылда біз нақты тапсырмаларды орындау үшін PhD интеллектіне ұмтылатын боламыз. Барлығы өте тез өзгеріп, жақсарып келеді», - дейді америкалық OpenAI ғылыми-зерттеу ұйымының техникалық директоры және ChatGPT нейрожелісін құрушылардың бірі Мира Мурати.
GTP-5-тің нақты шығу күні әлі белгісіз, дегенмен OpenAI бұл модельді үйретуді бастады. Әдетте бұл процесс бірнеше айға созылады, соның ішінде тестілеу мен пысықтау жұмыстары бар, деп хабарлады компания.
Көктемде GTP-5 осы жылы іске қосылады деген қауесет тарады. 2024 жылдың наурызында Business Insider осы жазда OpenAI релиз жасауы мүмкін деп жазды.
Сәуір айында Runway негізін қалаушы және бас директоры Сики Чен Х платформасында GPT-5 биылғы желтоқсанда шығуы мүмкін және күшті AI деңгейіне жетуі мүмкін деген инсайдерлік ақпарат берді.
Кейінірек OpenAI техникалық директоры Мира Муратти жаңа модельді 2025 жылдың аяғы, тіпті 2026 жылдың басына дейін күту керек екенін болжады.
Табысты іске асқан жағдайда генеративті ЖИ адамнан аса ерекшеленбеуі мүмкін. Яғни, оның жоғары деңгейі адамға қол жетімді кез келген тапсырманы немесе тұжырымдаманы үйренуге, түсінуге қабілетті, ол машина болса да, белгілі бір міндеттермен немесе функциялармен шектелмейді.
GPT-5 жарыққа шыққан соң оны yesAibot қызметіне қосу хабарланды, мұнда Stable Diffusion, SDXL, сондай-ақ ChatGPT, соның ішінде жақында шығарылған GPT-4 Omni қолжетімді.
autogpt.net талдаушылары ChatGPT-3 2020 жылдың маусымында, содан кейін ChatGPT-3.5 – 2022 жылдың қарашасында шығарылғанын атап өтті. Егер OpenAI осындай қарқынмен жүрсе, ChatGPT-4 желісі 2023 жылдың басында іске қосылғанын ескере отырып, ChatGPT-5 – 2024 жылдың аяғында немесе 2025 жылдың басында шығарылады деп болжауға болады.
Techopedia мәліметтері бойынша, OpenAI екі нұсқаны ұсынады: тегін нұсқа және кеңейтілген мүмкіндіктері бар жазылым. Флагмандық модельді пайдалану айына шамамен 20 доллар тұрады.
ChatGPT-5 біздің жасанды интеллектпен өзара әрекеттесуімізді келесі деңгейге көтеретін бірнеше революциялық мүмкіндіктер мен жақсартуларға ие болады.
OpenAI басшысы Сэм Альтман бұған дейін: «Ең маңызды жақсартулар талдау қабілетіне байланысты болуы мүмкін» деп айтқан еді. Ол ЖИ модельдерінің ақпаратты түсіндіру, қорытынды жасау және қолда бар деректер мен логикалық тұжырымдарды қолданып, мәселелерді шешу қабілетін айтып отырғанын түсіндірді.
Жаңа модельде бізді қандай мүмкіндіктер күтіп тұрғанын көрейік. Ең алдымен GPT-5 адамның жазуынан ажырату мүмкін емес мәтіндер жаза алады.
Екіншіден, бұл нұсқа адам тілінің ерекшеліктерін, соның ішінде сарказм, ирония және басқа да тұстарын жақсы түсінеді.
Үшіншіден, GPT-5 ғылыми мақалалар немесе бағдарламалық код жазу сияқты пәндік саланы терең түсінуді қажет ететін күрделі сұрақтарды шеше алады.
Оған қоса, модель жаңа қосымшаларды әзірлеу процесін жылдамдатуға мүмкіндік беретін аз деректер көлемін оқи алады.
Бір қызығы, GPT-5 басқа да жасанды интеллект жүйелерімен біріге алады, бұл анағұрлым күрделі және ақылды қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді.
GPT-5-ті дамыту мен AGI жетістіктері көптеген адамдар ойлағаннан да жақын болуы мүмкін. Бұл чатбот тәрізді жасанды интеллект салдарын бақылау мүмкін болмайтындай үлкен күшке ие болуы мүмкін деген үлкен алаңдаушылық тудырады.
Мыңнан астам технологиялық көшбасшылар мен зерттеушілер, соның ішінде Илон Маск жасанды интеллектті насихаттау жалған ақпарат пен насихаттың таралуына ықпал етуі мүмкін екендігі туралы ашық хатқа қол қойды. Олар барлық зертханаларды GPT-4-тен күшті ЖИ жүйелерін оқытуды алты айға дереу тоқтата тұруға шақыруда.
Осындай әңгімелер аясында OpenAI өз өнімдерінің қауіпсіздігі мәселесімен айналысты. New York Times жазғандай, ChatGPT-ті құрған OpenAI компаниясының негізін қалаушы Джон Шульман келешекте де бұл мәселемен айналысатын болады.
Aл OpenAI қауіпсіздік және қорғаныс комитеті Шульманның зерттеулерін бақылайды және компанияның технологиялық сын-қатерді қалай шешетіні туралы нұсқаулар беріп отырады.
Халықаралық валюта қорының мәліметінше, әлемдегі жұмыспен қамтылған халықтың шамамен 40%-ы ЖИ-мен байланысты сын-қатерге ұшырайды. ЖИ-ді ерекшелендіретін аспектілердің бірі – оның жоғары білікті жұмыс орындарына әсер ету қабілеті. Нәтижесінде экономикасы дамыған елдер нейрондық желіге байланысты үлкен тәуекелдерге тап болады.
«5-ші буындағы жасанды интеллекттің дамуы, яғни GPT-5 дезинформация мен жалған жаңалықтардың таралуына әкелуі мүмкін. Технологияны теріс пайдалану қоғамдық пікірді басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, нейрожелі өзінің техникалық сипаттамаларына байланысты біздің цифрлық деректерімізді құпия және қауіпсіз сақтау мәселесінде көптеген қиындықтар туғызатынын атап өткен жөн. Оған қоса, GPT-5 прогрессі арқылы жұмыс орындарын автоматтандыру жұмыссыздыққа және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін, — дейді Integrated Services компаниясының IT сәулетшісі Рамиз Ширинов.
Сарапшының айтуынша, GPT-5 енгізудің оң нәтижесі ретінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуді, жасанды интеллект саласында жаңа жұмыс орындарын құруды, сондай-ақ күнделікті міндеттерді автоматтандырудың арқасында адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуды атап өткен жөн.
«GPT-5-ке қол жеткізу мүмкіндігі алаңдаушылық туғызса да, ЖИ климаттың өзгеруімен күресу, жаңа дәрі-дәрмектер жасау және технологиялық инновациялар сияқты көптеген күрделі мәселелерді шешуге пайдалы болуы мүмкін деген пікір бар», - деп түйіндеді Әзербайжан маманы.
БРИКС Байкал институтының профессоры Александр Афанасьевтің айтуынша, адамзатқа шабуыл жасай алатын күшті ЖИ туралы айтуға әлі ерте.
«Қазір адам мен ЖИ-де мүдделер қақтығысы жоқ, өйткені болашақта жасанды интеллекттің дамуы өзіне ыңғайлы болатын ғарышқа бағытталады. Оған қоса, күшті жасанды интеллект өз дамуындағы оқыс оқиғалар үшін адамзатты сақтап қалуға мүдделі», - дейді ғалым.
Көптеген елдер жасанды интеллекттің дамуына үлкен қызығушылық танытып отыр және оны экономикалық өсу үшін үлкен әлеует деп санайды. Бұл ретте үкіметтер осы технологиямен байланысты сын-қатер барын да жақсы түсінеді және тиісті реттеу шараларын әзірлеп жатыр.
«Дамыған елдердің көпшілігі жасанды интеллектті дамыту стратегияларын әзірлеуде және оны қолдануды реттейтін заңдар қабылдап жатыр. Этика, қауіпсіздік және деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Әзербайжанға келсек, мұнда ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласы қарқынды дамып келеді. Үкімет осы саладағы бастамаларды қолдап, инновацияларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Алайда, әзірге нейрондық желілерді қолдануды арнайы реттейтін заңдардың қабылдануы туралы нақты ақпарат жоқ», - дейді Р. Ширинов.
Еуропарламент наурыз айында жасанды интеллект технологияларын қолданатын жүйелер туралы заңды — The EU Artificial Intelligence Act құжатын қабылдады. Құжат қарқынды дамып келе жатқан саланы реттейтін әлемдегі алғашқы нормативтік акт болды.
Бастапқыда заң жобасы екі себепке байланысты ойластырылды: ЕО-ға мүше елдерде реттеуді синхрондау және жасанды интеллект ұғымының не екенін нақты анықтау. Бірақ кейінірек технологияның дамуына байланысты заңның қолданылу аясы едәуір кеңейді.
Дүние жүзі бойынша қадағалау органдары жасанды интеллектті реттеуге алуан түрлі жауап қатуда. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытайда киберкеңістік реттеушісі компаниялардан қызметтер көпшілікке қолжетімді болмай тұрып, билік органдарына осы технологиялардың қауіпсіздігі туралы аналитикалық қысқаша мәлімет беруді талап еткен. Ал Ұлыбритания үкіметі ЖИ реттейтін жаңа орган құрмайтынын мәлімдеді. Аустралияда үкімет ЖИ әлеуетінің өсуіне қалай жауап беру керектігі туралы кеңес алу үшін елдің бас ғылыми консультативтік органының сарапшыларына жүгінген. Ал АҚШ-та тұрғындарды ЖИ әзірлеушілері үшін ықтимал есеп беру шаралары туралы сын-ескертпелер айтуға шақырған.
Барлық кедергілерге қарамастан, OpenAI жасанды интеллект саласындағы көшбасшы болып қалуда. Алайда, компания осы соңғы қиындықтарды қалай шешкені жасанды интеллекттің болашағын және оның қоғамға әсерін айқындайды.
GPT-5 – жаңа модель ғана емес, нейрондық желі әлеміндегі нағыз революция. Сарапшылардың пікірінше, GPT-5 бір кездері ғылыми фантастика деп саналған жаңа мүмкіндіктерді ұсынып, түрлі салаларда төңкеріс жасай алады. Ол адамзатты жалпы жасанды интеллект құруға жақындатады жәнертүрлі салаларда ЖИ қолдану үшін жаңа көкжиектер ашады.
GPT-5 логикалық ойлау мен мәселелерді шешуді айтарлықтай жақсартады деп күтілуде. Бұрынғыдан айырмашылығы – бұрын кездеспеген жұмбақтар мен сұрақтарды талдай алады, ақылға қонымды пайымдар, нақты болжамдар мен жауаптар жасай алады.
«2025 жылға қарай жасанды интеллект барлық деректердің 10% құрайды деп болжануда. Алдағы 10 жылда ол бизнес пен қоғамға елеулі әсер етіп, әлемдік ЖІӨ-ні 7%-ға көтереді», - дейді ғалым Александр Афанасьев.
Ғалымның пайымдауынша, 2045 жылы желілерде бүкіл адамзат сияқты 7 миллиардтан астам нейрондар болады. GPT-1-ден GPT5-ке дейінгі жасанды интеллект эволюциясы осы технологияның даму қарқынын айқын көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі