Байлық пен ақыл — Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі материал.
Материал — Байлық пен ақыл ертегісі, ертегі, мұрагер, байлық — осы тақырыптарға байланысты.
Ертеде бір шал төрт ұлын шақырып, былай депті:
— Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, — депті.
Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
— Міне, менің байлығым. Кім бай болса, сол ақылды, — депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп келіп:
— Мына киімді көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, — дейді.
Үшінші ұлы асыл тастармен әшекейленген белдігін буынып:
— Мұндай белдікті ешкім де буынып көрген жоқ, — дейді,
Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды. Ең кіші ұлына қарап:
— Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? — дейді.
Сонда кенжесі:
— Менде тек еңбексүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар, — депті.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп кенже ұлын атапты.
Бұл бетте Байлық пен ақыл тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Байлық пен ақыл материалы Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі