Арал теңізі жайлы 10 дерек

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / География / Арал теңізі жайлы 10 дерек

Арал теңізі жайлы 10 дерек — География бөліміндегі материал.

Материал — Арал теңізі, Әмудария мен Сырдария өзендері, Арал-Құм шөлі, тұз — осы тақырыптарға байланысты.

— Өткен ғасырдың ортасында, Әмудария мен Сырдария өзендерінің арналары жасанды түрде өзгертілді. Дала аймақтарындағы егістік жерлердің құнарлылығын арттыру үшін, оларды осы өзендердің көмегімен суара бастады. Нәтижесінде, Аралға құйылатын судың ағымы күрт азайып, оның құрғап қалуына әсер етті.

— Оның қазіргі атауы 20 ғасырда пайда болған. Теңіздің мөлшері кішірейіп, судың бетінен бірнеше аралдар көрінгендіктен, жергілікті тұрғындар оны «Арал» теңізі деп атап кеткен.

— 1950 жылдары жер бетіндегі ең үлкен көлдердің арасында, 4-ші орында болған. Көлемі 68 мың км2-ты құраған. Қазіргі уақытта, оның көлемі 8 есе азайды (8303 км2).

— Ғалымдардың айтуынша, болашақта теңіздің орнында Арал-Құм шөлі пайда болады. Ол Қызылқұм және Қарақұм шөлдерінің жалғасы болады. Теңіз жойылып кеткен соң, оның айналасындағы климат та өзгереді. Ал, маңында қоныстанған жергілікті халық, судың жетіспеушілігінен зардап шегеді.

— 1989 жылы ол Солтүстік және Оңтүстік болып, екі тәуелсіз су қоймасына бөлінді. Өз кезегінде Оңтүстік Арал теңізі – Шығыс және Батыс болып екіге бөлінді. 2014 жылы Шығыс бөлігі толығымен құрғап қалды.

— Кеуіп қалған жерлерінен 60-қа жуық тарихи және сәулет ескерткіштері табылды. Зерттеушілердің айтуынша, ежелгі уақытта бұл жерде адамдар өмір сүрген. Судың түбінен: керуен жолдарының іздері, тастар, кірпіш шеберханасы, шамдар мен монеталар, ірі диірмендер мен астық қоймалары табылды.

— Ол ерекше теңіз. Физикалық заңдарға сәйкес, Жердің айналу әсерінен барлық өзен-көлдер оңға қарай бұрылады. Арал теңізінің бағыты керісінше: ол солға қарай ауытқып, сағат тілімен жүреді.

— Жер бетіндегі ең тұзды көлдердің бірі. 1960 жылға дейін оның тұздылығы 10-11%-дан аспаған, бірақ судың көлемі азайғандықтан, тұздың мөлшеріде артты.

Оқуға кеңес береміз:



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арал теңізі жайлы 10 дерек деген не?

Бұл бетте Арал теңізі жайлы 10 дерек тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал География бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Арал теңізі жайлы 10 дерек материалы География бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

География бөліміндегі басқа материалдар Арал теңізі тақырыбындағы материалдар Әмудария мен Сырдария өзендері тақырыбындағы материалдар Арал-Құм шөлі тақырыбындағы материалдар тұз тақырыбындағы материалдар Қызылқұм тақырыбындағы материалдар Қарақұм тақырыбындағы материалдар Cagida жариялаған басқа материалдар