Қазақ тілінде контент неге аз?
Бүгінгі танда ғаламторда есі кірген баладан жасы үлкен қартта қолданады.
Ғаламтор ақпарат алу , араласу уақытты өткізу құралына айналған. Интернеттегі әлеуметтік желіде пайдалы әрі қызықты контенттер көп. Бірақта осы ақпараттар көбіне орыс , ағылшын тілінде.
Әлеуметтік желі шексіз ақпарат көзі, қазіргі заман айнасы әрі кең таралған ақпарат алмасу құралы. Жиырма бірінші ғасырда ғаламторда отырмайтын адам сирек тіпті жоқ десекте болады. Адамдар әлеуметтік желіде отырып өзіне қажетті ақпарат алп қана қоймайды сонымен қатар көніл көтеретін контент , қазіргі кездегі өзекті ақпарат , жаналықтарды алады, табыс көзін осы желіден тауып отырған бизнесмен , блогерлерде аз емес. Бұл әлемдік мәселе біздің Қазақстанда да өзекті.
Неге әлеуметтік желіде отыратн қазақтар көп болсада қазақ тілінде контент, ақпарат аз ? Оған бірнеше факторлар бар .
Сұраныстың төмендігі. Яғни Қазақстанда тұрып жатқан адамдардың барлығы қазақ тілін біледі деп айта алмаймыз. Сол үшінде контент жасаушыларға орысша түсіру қаралым санынан ыңғайлы. Қазақ тіліндегі контент көп дамымайды сол үшір адамдар орта жолдан тастайды бұлда бір фактор.
Стереотип . Адамдар көбінесе қазақ тіліндегі контент, өнім сапасыз деп ойлайды және бұрнан қалыптасқан ой.
Бұндай стереотип біз күнделікті фильмдардан көре аламыз мысалы: қаланың , байдың баласы орысша сөйлеуі ал қарапайым ауылдан шықан бала қазақша сөйлеуі және орысша білмеуден ұялуы . Дәл осындай стереотипті фильмдер өте көп.
Енді біз бұл мәселені қалай шеше аламыз?
Қазақша сөйлеуді кеңінен тарату яки қазіргі тілмен айтсақ қазақша сөйлеуді модаға айналдыру . Контент жасайтын блогерлерден бизнесмен қазақша контентті артыру үшін оқырман қазақ тілге сұранысын артуы тиіс. Әрине, ең маңыздысы стереотиптерден айрылып , тіл жанашыры болуымыз. Ана тілін, қазақ тілін қазақ ойламағанда кім ойлайды.
Қазақ тілінде контент аздығы бұл болмашы мәселе емес , бұл қазіргі күннің өзекті мәселесі. Бірақта бұл мәселені шешу өз қолымызда. Қазақша сөйлеуді “ тренд” ке айналдырайық!
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Есбол Бозан
- Есбол Бозан
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі