Білім – қоғамның дамуы мен өркендеуінің басты факторы. Тұрақты даму мақсаттарының ішінде 4-ші мақсат сапалы білім беруге бағытталған, өйткені білімсіз экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму мүмкін емес. Қазақстанда сапалы білім беру жүйесін дамыту елдің болашақтағы тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Сапалы білім – жоғары оқу орындарының басты басымдығы. Мемлекет басшысы елімізде білім беру сапасын арттырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бұл мақсатта білім беру мекемелері жаңа технологияларды енгізіп, оқу бағдарламаларын жетілдіруде. Білім беру үдерісінде инновациялық әдістерді қолдану студенттердің пәндерді терең меңгеруіне және болашақ кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім сапасын қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келеді. Университет оқу бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіріп, студенттерге теориялық біліммен қатар, практикалық тәжірибе жинақтауға жағдай жасайды. Интерактивті құралдар, онлайн платформалар және зертханалық жұмыстар студенттердің білімін жетілдірудің негізгі құралдарына айналды. Сонымен қатар, шетелдік университеттермен академиялық серіктестікті нығайту арқылы студенттер халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Оқытушылардың біліктілігі білім беру сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осыған орай, елімізде педагогтердің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлініп, олардың шетелдік тағылымдамалардан өтуіне жағдай жасалуда. Бұл тәжірибе оқытушыларға әлемдік білім беру стандарттарына сай оқыту әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Сапалы білім беру тек университеттермен шектелмей, мектептен басталуы тиіс. Орта білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды енгізу, жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеу, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру – осының бәрі оқушылардың білімін жетілдірудің негізгі шарттары. Мемлекет бұл бағытта маңызды реформалар жүргізіп, әрбір баланың сапалы білім алуына жағдай жасауда. Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – маңызды стратегиялық міндет. Білімді жастар – елдің экономикалық дамуы мен халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Сол себепті, білім беру саласындағы реформалар мен инновациялар тұрақты дамудың басты бағыты болып қала береді.
М.К.Бисенова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Заң факультетінің, қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының з.ғ.к., қауымдастырылған профессоры
Е.Б.Ергеш
ҚазҰУ-нің, Заң факультетінің 1-курс магистранты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі