Қазіргі таңда адам өмірін түбегейлі өзгерткен жаңа технологиялардың бірі – жасанды интеллект (AI). Жасанды интеллект – компьютерлер мен арнайы бағдарламалардың адам сияқты ойлап, шешім қабылдап, кей жағдайларда адамның ойлау қабілетінен асып түсуі деп анықталады. Бүгінде жасанды интеллект әртүрлі салаларда қолданыс тауып, адам өмірін жеңілдетуде.
Жасанды интеллект ұғымы алғаш рет ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. Алайда оның дамуы соңғы онжылдықта ерекше қарқын алды. Қазіргі таңда жасанды интеллект медицина, білім беру, қаржы, өндіріс, көлік, өнер және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда кеңінен қолданылады. Мысалы, медицинада күрделі ауруларды ерте анықтайтын құрылғылар, банк жүйесінде алаяқтықты болдырмайтын бағдарламалар жасалды. Білім беру саласында оқушылардың білімін бағалап, жеке бағыт беретін жүйелер де енгізілуде.Сонымен қатар, жасанды интеллект адамдардың күнделікті өміріне де еніп үлгерді. Біз күн сайын әлеуметтік желілерді, аударма бағдарламаларын, дауыстық көмекшілерді және онлайн карталарды қолданамыз – бұлардың барлығы жасанды интеллекттің жемісі болып табылады.
Әлемге танымал ChatGPT сияқты тілдік модельдер адамның сұрағына нақты жауап беріп, түрлі салаларда көмек көрсетуде. ChatGPT — OpenAI компаниясы әзірлеген жасанды интеллект негізіндегі чат-бот. 2022 жылдың соңында іске қосылғаннан кейін, небәрі екі ай ішінде 100 миллионнан астам пайдаланушы жинап, тарихтағы ең жылдам өсіп келе жатқан тұтынушылық бағдарламалық қосымшаға айналды.
2024 жылдың желтоқсанына қарай ChatGPT-тің белсенді пайдаланушыларының саны 300 миллионға жетті. Ал 2025 жылдың ақпан айында бұл көрсеткіш 400 миллионға артты. OpenAI компаниясы 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 1 миллиардқа жеткізуді мақсат етіп, өз деректер орталықтарын салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ChatGPT күн сайын 1 миллиардтан астам хабарлама өңдейді, бұл оның әлемдік деңгейде кеңінен қолданылатынын көрсетеді.
Бұл сандар ChatGPT-тің жасанды интеллект саласындағы жетекші құралға айналғанын және оның пайдаланушылар арасында жоғары сұранысқа ие екенін дәлелдейді.
Алайда, жасанды интеллекттің артықшылықтарымен қатар, оның адамзатқа әкеле алатын қауіптері де жоқ емес. Мысалы, кейбір мамандықтардың біртіндеп жоғалуы, жұмыссыздықтың артуы және адамның ойлау қабілетінің төмендеуі сияқты мәселелер туындауы мүмкін. Сонымен бірге, жасанды интеллектті теріс мақсатта пайдалану және жалған ақпарат тарату қауіптері де бар. Сондықтан, жасанды интеллект дамыған сайын оны бақылау мен заң жүзінде реттеу қажеттігі арта түседі.
Жасанды интеллект – адамзаттың үлкен жетістігі. Дұрыс қолдана білсек, бұл технология біздің өмірімізді жеңілдетіп қана қоймай, дамудың жаңа сатысына шығарады. Болашақта жасанды интеллект адамның сенімді көмекшісіне айналады деген сенім мол.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Болат Аяжан
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі