Өлең, жыр, ақындар

Өмір-өзен

Ер жеттім бе, бой жеттім бе жай ғана?

Көзім жетті – уақыт шіркін байланба.

Өтеді екен, кетеді екен байқасаң,

Бір күн – бақыт, бір күн – қайғы, айнала.

 

Дүние деп, қызық қуып жүргенде,

Сағат сырғып, күндер өтіп күлгенде,

Бір сәтіңе үлгермейсің қарауға,

Алдың тұрмақ, артқа бұру мүмкін бе?

 

Жастық шақтың буына еріп алаңсыз,

Ойға шомып, өткіздім мен талай күз.

Қазір соған өкінемін кей кезде,

Өзімді іздеп, қиялыммен сан жүзгіз.

 

Қуандым да, жыладым да сол кезде,

Тез өсуді арман қылдым жүректе.

Сол кездегі қол жетпесім - болашақ,

Міне,қазір бүгініме айналды!.

Ал енді бағалаймы дегенде,

жай ғана қолымнан ұшып кетіп барады.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ермек Елзада


Пікірлер (1)

Мөлдір

Керемет❤️

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер