Өлең, жыр, ақындар

Жасанды интеллектің білім саласына әсері

Жасанды интеллекттің білім саласына әсері?

  Қазіргі таңда 21-ғасырда технология күннен күнге қарқынды даму үстінде. Ал солардың ішінен ең ерекшесі – Жасанды интеллект (ЖИ) болып табылады. Ол адам өмірінің барлық салаларына еніп келе жатыр. Мысалға айтатын болсақ: ғылымға, білімге, өнеркәсіпке, медицинаға және т.б. Осының ішінен жасанды интеллект қазіргі таңда білімге ерекше әсерін тигізуде. Бұл технология оқушы мен мұғалімдердің жұмысын 10 есе жеңілдетіп, мұғалімдерге білім беруде жаңа әдістер, идеялар ұсыну арқылы оқушылар мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ашуда.

   Ал енді жасанды интеллекттің білім саласына тигізген әсерлері және өзгерістері туралы толығырақ айта кетейін. Ең бірінші, қазіргі уақытта барлығы білетін және қолданатын ChatGPT. Бұл тиімді ЖИ негізінде құрылған чат-бот оқушылар мен мұғалімдерге қажетті ақпаратты жылдам, әрі оңай табуға көмектеседі. Сонымен қатар, ЖИ білім алуда географиялық, тілдік кедергілерді азайтады. Мысалы, онлайн курстар арқылы 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу әлдеқайда жеңіл, әрі ыңғайлы. Жасанды интеллект оқыту барысын қызықты әрі тартымды ететін платформа, құралдарды ұсынады. Мысалы: Виртуалды шындық технологиялары негізіндегі ойын сабақтары оқушылардың ынтасын арттырады.

  Дегенмен, жасанды интелекттің білім саласына әкелген орасан зор үлкен мүмкіндіктерімен қоса, тигізетін зиянды жақтары бар. Айта кететін болсам, ен бірінші ол жасанды интеллект ол тірі жан, адам емес. Ол ұстаз секілді оқушымен сөйлесіп, баланың ішкі жан дүниесін, қабілетін, мінезін танып біле алмайды. Ал мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас білім беру процесіндегі маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, балалардың ойлау, өз бетімен іздену қабілеттері әлсірейді. Себебі, ЖИ оқушылардың сұрақтарына жылдам жауап беріп, олар дайын ақпаратқа тәуелді болып қалады. Бұл баланың миының жұмыс жасауына да әсер етеді. 

   Осы мақаланы жазу барасында, мен интернет желісінен Жасанды Интеллект туралы сарапшылардың ойларын іздестірген болатынмын. Сіздерменде бөліскім келіп отыр. 

1-сарапшы: Мейрамгүл Алпысбаева, ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңсесінің ұлттық білім сарапшысы былай дейді: «ЖИ білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде зор әлеуетке ие. Оны дұрыс пайдалана алса, тұрақты даму бағдарламасының мақсаттарына жетуге септігін тигізеді».

2-сарапшы: Динара Жұматеваның пікірі: «ЖИ білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде зор әлеуетке ие. Оны дұрыс пайдалана алса, тұрақты даму бағдарламасының мақсаттарына жетуге септігін тигізеді».

3-сарапшы: Қаныбек Жұмашев, Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы өз ойымен бөліскенде «ЖИ жаратылыстану бағытындағы пәндерде есеп-қисап жұмыстарын жеңілдетіп, оқыту үдерісін тиімді етеді» деді. 

Жалпы, сарапшылар ЖИ-дің білім беру саласына әкелетін пайдасын мойындай отырып, оны қолданудағы шектеулер мен тәуекелдерді де ескеру қажеттігін атап өтеді.

   Сонымен қатар, мен өзімнің «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» мектебімдегі мұғалімдердің Жасанды Интеллектке деген көзқарастары қандай екенің білу үшін сауалнама жүргізген болатынмын. Мұғалімдердің 70% пайызы ЖИ қолдану керек деп жауап берді. Ал 20% пайызы қолданбау керек деп жауап берген болатын. Қалған 10% пайызы екі жақтыда қолдаймын деп жауап берген болатын.

 

  

  Қазіргі таңда жасанды интеллекті қолдануға АҚШ-та тыйым салынған болатын. Олар тіпті ЖИ-ді алаяқтыққа теңейді екен. Қалай ойлайсыз, бұл дұрыс па әлде қате ме? Біздің елімізге де білім саласына жасанды интеллекті қолдануға тыйым салыну керек деп ойлайсыз ба?

 

Сөз соңында айтарым, Жасанды интеллект білім саласына көптеген жаңалықтар әкелгенімен, оның зиянды жақтарында ескеру қажет. Бір сөзбен айтқанда балансты сақтаған жөн. Егер біз технологияны дұрыс бағытта қолдау арқылы, ЖИ-дің зиянын азайтсақ, білім сапасын әлдеқайда жоғартуға болады. 

                                    

Авторы: Сейітжан Айша Батырханқызы 

«Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясының» 11 сынып оқушысы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз