Өлең, жыр, ақындар

Мәшһүр заманындағы әлеуметтік мәселелер

Алаштың бір туар перзентін білмеу мүмкін емес. Мынау ғапыл дүниеде сүрген әр мезеттің кездейсоқ емес екенін білген. Өз шығармаларында заманының дала сырын қара сөзбен шерткен. Дәуірдің дархан дариясы отаршыл саясат пен діни мәселелерді көп қозғаған. Ұлы тұлға асыл топырақты, маңғыс таулы ғажайып Баянауылда дүниеге келген. Сол жердің аға сұлтаны болған Мұса Шорманұлы алысты болжайтын болса керек. Бір күні үлкен жиында халық жырлары мен дастандарды мүдірмей жатқа айтқан Адам Жүсіпті жанына шақырып алады. Енді сен Мәшһүр боласын деп тақиясына үкісін өз қолымен тағып береді. Шыныменде атына сай тұлға атанғанына еш күмән жоқ.1865 жылы Сақау ақынның айтуынан « Ер олжабай» батыр жырын 7 жасында жазып алған. Осылай өзінен бұрынғыларынан сөз жәдігерін жинады. Өмірінің біраз уақытын Орта Азияны аралаумен өткізген. Ел ішінде қазына кеуде қарттардан аңыз әңгіме жазып алып жүрген. Тіпті Өз қоржынымен Алаштың қазынасын жинап жүрген.Бұқар жыраудан қалған сөз жырауын да толықтай қағазға түсірген осы кісі еді. Демек біздің айтып жүрген «Бұқар айтыпты» дегеніміз бұл Көпейұлының ерең еңбегі. Ендеше ұлы ғұламаның заманындағы мәселелерге терең үңіліп көрейік. 

Біріншіден, Мәшһүр заманында билік қазақты ежелгі мәдениетінен, тілі мен дінінен айыру саясатын ашық жүргізді. Жүсіп ел ертеңіне, ұлт тамырына балта шауып жатқан отарлау саясатын сынап, оған ашық қарсылық білдірді. Солақай саясатпен ой еңбегі арқылы күресті. Содан Мәшһүрдің шығармалары Патша және Совет үкіметі үшін қауіпті деген үкім шығарған еді. Өйткені елді артынан ертіп, халықты билікке қарсы қояды деген үрей басым болған. Осыдан кейін билік бірнеше рет тұтқындауға тапсырма береді. Бірақ қанша оқталса да жендеттердің Мәшһүрді өлтіруге жүрегі дауаламайды.  Мысалы Ақынның «Сарыарқа кімдікі екен» туындысы осы алапат арпалыстан туған.
..Адасып осы күнде қазақ қалды
Бұрынғы ата-баба рәсімінен.
Жылқыға керек жерге егін салып
Жер жыртып, мұжық қалмас кәсібінен.
Жайлауы баратұғын тарылған соң,
Айырылды мал да, жан да несібінен.
Зынданда не шаһбаздар нақақ жатыр,
Ұлықтың қылған зорлық кесімінен... 
 Бұл 100 жыл бұрын ақынның жан айқайы. Өз тарапынан сол кездегі халықтың хәл ақуалын сипаттап, Ресей патшалығына наразылық білдіргені байқалады. 1907 жылы қазанда басылған кітабының атында үлкен астар жатыр. 20 ғ басында Сарыарқа ел тұтастығының іргелі ұғымдарының бірі болды. Тіпті Алаш қауымы үшін бағдарламалы туындылардың біріне айналған. Сонда осы қолжазбалар бізге жетпесе қазіргі қазақ әдебиетімен тарихының қабырғасы қисайып тұрмас педі?

Екіншіден Мәшһүр Жүсіп дінитаным иесі. Сол кездің тағы бір мәселесі бұл діни білімнің жоқтылығы еді.  Себебі XVIII–XIX ғғ. Қазақстанның Ресей империасы қол астында болуы ислам дініне көп әсерін тигізген. ХVII ғ. басында Ресей империясы көшпелі халықтар арсында христиан дінін таратуға тырысты, нәтижесінде өзінің көздей алмаған мақсатын өкімет ислам дінін қыспаққа алуға тырысты. Мәшһүр "Қара өлең" өлеңінде былай деген
Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы,
Айырылмай жақсы менен жаман парқы.
Баласы дін мұсылман, ояныңдар,
Көрінер өз пайдасы, жұрттың нарқы!
Профессор Қуандық Пазылұлы ғылыми еңбегінде Абай атамыз бен Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын салыстырып зерттегенде "ұйқы", "ұйықтау" сөздерін жиі қолданғанын жазады. Себебі екі ғұлама дін арқылы халықтың көзін ашуға тырысқандардың бірі. Сонда Абай Құнанбаев «Мәшһүр ақын, мен де ақын. Бірақ Мәшһүр маған қарағанда әулие болуымен Аллаға жақын» деген екен. Өзінің көздегені ақиқат болған. Жазбаларында «дүниеде 72 тіл бар, соның ішінде ең асылы араб тілі. Өйткені оның асылдығы Құранның 44 аятында айтылған. Содан кейін ең асыл, бай тіл қазақ тілі. Осы жүргенде қазақ тілін білмейтіндер де бар. Дін де, білім де қазақ тілінде жазылған» деп ой қозғайды. Бұл нағыз Мәшһүрдің дүниетанымы деп білемін. Өз қолында қанша мүлік пен байлық болса да басты мақсаты жас буынды білімге тарту. «Мен Құдайды бір деп білемін, бар деп білемін, күшті деп білемін. Құдай не қаласа сол болады» деп те жырлайды. Не болса да жұрттың қамын ойлап надандыққа жол бермеген. Ол дінді тек сенім жүйесі ретінде ғана емес, сонымен қатар адамның рухын көтеру сипатымен тұлғалық күштілігін негізге ала білген. 

Сөз соңында айтарым, Мәшһүрді қылышынан қан тамған кері заман да айналып өтпеді. Алдын болжаған әулие өлетін үақытында білген. Ағаш шеберін шақырып мола соқтырып, қабірін де қаздырады. 1931-32 жылдардағы қазақ даласында қолдан жасалған ашаршылықты да болжап кетеді. Мәңгілік ешкім жоқ, бәрінің дәуірі өтеді. Бірақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының халқы мен жерінің болашағы үшін жасалған ерең еңбектері тарихтан өшпес. 

 

Марат Нұрай


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз