Ұмыт болған сөздер

Уақыт өткен сайын заманның ағынымен бірге кейбір сөз қолданыстан шығып қалады, орнын жаңа сөз басады. Тарихы терең қазақ тілінің қазіргі заманда қолданылмайтын, ұмыт болған сөздері қандай?

Аңдамақ — ұлттық ойын түрі.

Талқы — иленген теріні жұмсартатын құрал («жиналыста талқыға салды» деген осыдан шықса керек).

Шүлен — жомарт деген мағынаны білдіреді (шөлді шүлен етті, шүлен таратты деген тіркестер бар).

Шаша — жылқының аяғындағы қыл (шашасына шаң жұқпас жүйрік).

Ежеқабыл, Белқұда, Қызыл құда — балаларын тумай жатып атастырған құдалар.

Бүлдіргі — қамшының білекке ілетін бауы. (мұны «бүлдірге» деп те айтады. «Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі», «Бүлінген елден бүлдіргі алма» дейді).

Асадал — ыдыс-аяқ сақтайтын қапшық (аяқ қап та сондай).

Бұйда — түйеге бұйда, атқа шылбыр тағылады.

Шырға тарту — бүркітті аңға түсуге үйреткенде аңның тұлыбын (шырға) тартады.

Абадан — қасқыр үйірінің басшысы (көсемі).

Саһар — аққудың қоразы.

Өжектеу — сөз таластыру.

Сауын айту — үлкен асқа, тойға шақыру.

Атырау — өзеннің теңізге құяр жері.

Жік — шайтан («Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты»).

Сірге жияр — күзгі қой қырқу, астық жинау сияқты жұмыстар аяқталған соң ауыл-аймақ үшін жасалатын шағын той.

Пеш — түрік сөзі. Пиш, пыш, пісіру, жылыту деген мағынаны білдіреді.

Тіз киім — іш киім.

Үпті — дүние, мүлікті, жасаулы деген мағына береді. («Бәленбайдың үйі үпті»).

Әспет — адамға құрмет, ілтипат білдіру — әспеттеу.

Аужал — ас, тағам. (Осыны аужал ете тұрыңдар).


WhatsApp Telegram

Пікірлер (4)

Рауан

Өте керемет

Рауан

Өте керемет

Рауан

Өте керемет

Рауан

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз