Мектеп - кеме, білім – теңіз, ал теңізге жол бастар – ұлағатты ұстаз. Кез келген ұстаз шәкіртінің биік белестерден көрінгенін, мектептің алды болғанын қалайтындығы сөзсіз. Ұстаз жүрегіндегі үміт отын ақтау қайсы бірімізге болсын үлкен жауапкершілік. Өйткені, ұстаз үмітін ақтау, ұстаздың еңбегін зая кетірмеу. Осындай түлектердің бірі №58 ЖББ мектептің дарынды шәкірті, әр жүрекке сәуле сепкен ұстаздардың үмітін ақтаушы, мектебіміздің даңқын асқақтатқан 11 сынып оқушысы Актуреева Әсел Жанайқызы жайында сыр шертпекпін. Әсел мектебіміздің бетке тұтар мақтанышы. Қай ортада жүрсе де өзінің көрегендігімен көзге түсетін шәкірт. Өзінің маңдай терінің арқасында мектеп табалдырығын аттай салысымен-ақ көптеген іс-шараларға қатысқан. Бой түзей келе аудандық, қалалық, республикалық сайыстардың жүлделі орындарына ие болды. Еңбегінің жемісі ретінде биыл «Алтын Белгі үміткері» болып, атаанасының сенімен ақтауда. Бұдан бөлек Әселдің ауыз толтырып айтарға тұрарлық біршама жетістіктері бар. Дәлірек тоқталғанда, География пәні бойынша аудандық олимпиададан 1-орын жеңімпазы. Елбасы Академиясының «Жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту» яғни, «Ел үміті Медаль» атты өткізілген Республикалық деңгейлік іс-шараның қола медаль иегері атанды. Мектебіміздің атынан Экологиялық ғылыми жобалар да қорғаған. Арманы – журналист болып қана қоймай, Қазақтың киелі қара шаңырағына айналған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атану. Өз арманына жетуді мақсат қойған Әсел 25.01.25 жылы өткізілген «Қаңтар ҰБТ» нәтижесінде 30/30 жинап, ұстаздардың еңбектерінің зая кетпегенін әрі өзінің білімін көрсете білді. Менің Әсел жайында жазған баяндамам кездейсоқтық таңдалған емес. Неге десеңіздер, Әсел екеуміз бір салада жүрген замандастармыз. Жанымыз шығармашылыққа жақын. Менің де арманым Қазақ Ұлттық Университетінің білікті журналисті болу. Жеткен жетістікеріне, даму кезеңдеріне қызығып осы мақаламды Әселге арнауды шештім.
Сөзімді қорытындылай келе, осындай білімді,ілімді жастарымыз көп болсын.Биік белестерді бағындырып ата-анаңды қуанта бер демекпін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі