Иттер мен басқа да үй жануарларын серуендету нормалары, соның ішінде рұқсат етілген орындар тізімі, жергілікті деңгейде – мәслихаттармен белгіленеді. Сонымен қатар, экология министрінің бұйрығымен бекітілген үй жануарларын ұстау және серуендетудің үлгілік қағидалары да бар. Осы нормалық ережелер сақталмаған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық орын алып, айыппұл салынады.
Үлгілік қағидаларға сәйкес үй жануары иесінің қаруынсыз ұзақ уақыт жалғыз қалып қалса, тіпті көршілерге кедергі келтірмей тыныш отырса да, протокол толтыруға жеткілікті. ҚР Әкімшілік кодексінің 407-2 - бабына сәйкес мұндай құқықбұзушылық үшін 10 АЕК (39 320 теңге), бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Өскемен қаласында осылайша 3 бірдей иттің иесіне протокол толтырылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Алайда айыпталушы аппеляция беріп, жануарларының көршілерге кедергі келтірмейтінін дәлелдеу үшін, дәлізде камера орнатқан.
Билік жануарларды зооқонақүйлер, достар немесе көршілер арқылы бақылауда қалдыруға кеңес береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі