Жаздың аптап ыстығында

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Денсаулық / Жаздың аптап ыстығында

Жаздың аптап ыстығында — Денсаулық бөліміндегі материал.

Материал — жаз, ыстық, жаз мезгілі, ыстықтан қорғану — осы тақырыптарға байланысты.

— Жазда тек таза, табиғи матадан тігілген киім киіңіз. Синтетика қосылмаған киім теріңізге оң әсер беріп, ағзаңызды күюден сақтайды.

— Әрқашан да сусын алып жүріңіз. Сусын тым суық болмасын.

— Күн көзінде көп уақыт қалып қоймаңыз.

— Міндетті түрде күннен сақтайтын қалпақ киіңіз.

— Жаз мезгілінде ауа температурасы 12.00 және 16.00 аралығында ең жоғары деңгейге барады. Сондықтан бұл аралықта серуендеуден бас тартыңыз. Егер шаруаңыз шығып қалып, осы аралықта күн көзінде қалып қойсаңыз үстіңізге күн тимейтіндей киім кигеніңіз жөн.

— Ыстықта тез бұзылатын тағам түрлерін сатып алмаңыз. Себебі жоғары температурада бактерияы өте жылдам көбейеді де, астың бұзылуына әкеп соғады.

— Қыз балалар опа-далапты аз қолданғаны жөн. Химиялық заттардың жоғары температурада бұзылу қаупі екі еселенеді.

— Ауа температурасы 25 градус С-ден жоғары болса спортпен белсенді түрде шұғылдануға болмайды.

— Бір қызығы, күн ысып тұрған кезде адам эмоциясына күш алдырмауы тиіс екен. Себебі эмоция адам ағзасын әлсіз етіп, денсаулық төзімін жоғалтады.

— Жаз мезгілінде кеңсе жұмысшылары желдеткіштен қатты қатты зардап шегеді екен. Сол себепті кондиционерге жақын отырмағаныңыз абзал.

Ыстықта не жеу керек?

Бұл кезеңде көп жағдайда көкөніс пен жеміс-жидек жеу керек. Түрлі салаттар, салқын көже пайдалы. Адам ағзасының температурасын қияр, қарбыз, қауын, ащы және қышқыл жемістер төмендете алады. Ал өте майлы, тұзды тағамнан бас тартыңыз. Жалпы алғанда жаз мезгілінде аз тамақ ішіп, ағзаны бұл үрдіске үйретіп алыңыз.

Жаз мезгілінде қандай сусын ішу керек?

Аптап ыстықта адам ағзасында су теңдігі бұзылады, анығында ағзада су мөлшері азайып кетеді.

 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаздың аптап ыстығында деген не?

Бұл бетте Жаздың аптап ыстығында тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Денсаулық бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Жаздың аптап ыстығында материалы Денсаулық бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Денсаулық бөліміндегі басқа материалдар жаз тақырыбындағы материалдар ыстық тақырыбындағы материалдар жаз мезгілі тақырыбындағы материалдар ыстықтан қорғану тақырыбындағы материалдар күн көзі тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар