Уранға ерекше бай Қазақ жерінде әлі күнге дейін атом электр станциясы салынбады. Бірақ кейінгі жылдары елде біршама өзгерістер орын алды, сол өзгерістер арасында ҚР-дағы алғашқы АЭС-тің салынуы жайлы қаулы да бар.
Алғашқы атом электр станциясының құрылысы жайында 1997 жылы сөз қозғалды. Алайда бұл идея Чернобль апатынан көп уақыт өтпей жатып айтылғандықтан, бұқара халықпен қоса сарапшы мамандар да бұған қарсылық танытты. Сол себепті жоба тоқтап қалды.
2006-2023 жылдар аралығында бұл мәселе бірнеше мәрте талқыланып, 2023 жылы 31 тамызда Ресаублика президенті Қасым-Жомар Тоқаев жалпыұлттық референдум өткізу арқылы, осы мәселені шешуді ұсынды.
“Атом электр станциясын салу немесе салудан бас тарту – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынамын. Нақты күндерді кейінірек шешеміз”
Референдум 2024 жылдың 6 қазаңында өткізілді. Өткізілген референдум нәтижесінде, дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады. Яғни, 5 561 037 адам атом электр станциясының салынуын қолдаса,
2 045 271 адам наразылық танытқан.
Бәрімізге мәлім, Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысымен Ресей айналысады. Кейінгі деректер бойынша, Ресей мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық атом электр станциясының салынуы жайлы келісімшартқа 2025 жылдың аяғына қарай қол қою жоспарланып отыр. Атом электр станциясының салынатын ресми орны – Алматы облысындағы Үлкен ауылы. Билік өкілдерінің пайымдауы бойынша, станция 2030 жылдар шамасында іске қосылады. Жоба еліміздегі энергия тапшылығын шешуге бағытталған.
Бүгінде сарапшылар ойы екіге бөлінді. Бір бөлігі АЭС-тің салынуы отандық ғылым мен экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді деседі. Мәселен, техника ғылымдарының кандидаты Қасым Елемесов: “Атом электр станциясы міндетті түрде Қазақстанға керек. Оны дамыту керек. Дамытуға бізде бар мүмкіндік бар”. Алайда, қоғамда нақтырақ сарапшылардың екінші бөлігі бұл оймен келіспейді. АЭС құрылысын қауіпті әрі қажетсіз бастама дейді. Желі қолданушылары арасында: «АЭС Қазақстан аумағында салынғанымен, іс жүзінде Ресейдің экономикалық, энергетикалық, қаржылық мүддесін көксейтін станция ғана болатыны айдан анық.» деген пікірлер саны біршама.
артықшылықтары |
кемшіліктері |
тұрақты және мол энергия көзі |
радиоактивті қалдықтарды сақтау мәселесі |
көсер мен газға қарағанда зияны азырақ(экологиялық таза) | қауіпсіздікке қатысты қоғамда үрей бар |
энергия тапшылығын жоюға көмектеседі | апат болған жағдайда салдары ауыр болуы мүмкін |
уран қоры мол - өз шикізатымыз бар | қымбат құрылыс пен ұзақ мерзімді жоба |
жаңа жұмыс орындары мен технологиялар пайда болады | қоғам тарапынан ашықтық пен сенім талап етіледі |
экспорттық әлеует - болашақ энергияны шет елдерге сату мүмкіндігі бар | Семей полигоны сияқты тарихи жараның халық санасындағы әсері әлі де бар |
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі