Шоқан – қазақ ғылымының шамшырағы
Қазақ даласы талай ұлы тұлғаларды тудырды. Солардың ішінде асқақ жұлдыздай жарқ етіп шыққан – Шоқан Уәлиханов. Биыл халықтың тұңғыш ғалымы атанған Шоқанның туғанына 190 жыл толып отыр.
Шоқан – жай ғана оқымысты емес, ол – өркениетке апарар жолды алғаш ашқан қазақ баласы. Құсмұрынның қоңыр төсінде дүниеге келіп, жас күнінен білімге сусындаған Шоқан өз заманының биік тұлғасына айналды. Омбыдағы кадет корпусында жүріп-ақ, оның ой-өрісі мен зеректігі талайға таңдай қақтырды.
Ғалымның еңбектері – қазақтың өткенін әлемге танытқан асыл қазына. Ол қырғыздың «Манасын» қағазға түсіріп, Жетісу мен Қашқарияның тарихын терең зерттеді. Шоқанның жазбалары – дала өмірінің айнасы, халық рухының шежіресі.
Шоқан қысқа ғұмыр кешсе де, артына мәңгі өшпес із қалдырды. Оның әділетке құштарлығы, білімге деген адалдығы бүгінгі ұрпаққа үлгі. Қазақ ғылымының алғашқы қадамын бастаған Шоқан – шын мәнінде, елдің рухани шамшырағы.
Орындаған:Сапархан Мадина Сержанқызы
Жетекшісі:Римма Жақсылықбаева
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі