Өлең, жыр, ақындар

АҚШ-тық әкенің күнделігінен үзінділер

Үйленіп балалы болдым. Жұмыстар үлкейіп, үйге кеш келу, іссапарлар көбейгендіктен балам жүруді мен алыста жүргенде үйренді. Сөйлей бастағанын да аңғарып үлгермедім. Өсе келе «әке мен сіз сияқты боламын, сізге ұқсағым келеді» деп жүретін...

***  ***  ***

- Үйге қашан келесіз әке?..

- Қашан уақыт боларын нақты айта алмай тұрмын, бірақ келгенімде бірге жақсы уақыт өткереміз...

***  ***  ***

10 жасына келгенінде маған:

- Доп әпергеніңіз үшін рахмет, әке аулаға шығып доп ойнайықшы.

- Бүгін емес балам, бүгін жасауым қажетті көптеген жұмыстарым бар.

- Жарайды әке,- деді де өзі сыртқа жүгіріп кетті. Үнемі баяғы қалпы «Әкем секілді боламын» деп айтып жүретін.

***  ***  ***

- Үйге қашан келесіз әке?..

- Қашан уақыт боларын нақты айта алмай тұрмын, бірақ келгенімде бірге жақсы уақыт өткереміз...

***  ***  ***

Студент болған кезі. Оқудан үйге келгенінде:

- Балам, сен менің мақтанышымсың ғой, кел отыр әңгімелесейік,- дедім. Басын изеп күлімдеп келіп:

- Әке, маған көлігіңіз керек болып тұр. Кейін де сөйлесе береміз ғой, кілтіңізді бересіз бе?

***  ***  ***

Жақында зейнетке шықтым. Балам отбасы құрып бөлек шықты. Оған телефон шалдым:

- Сені көргім келіп жүр. Үйге кел, отырып әңгіме құрайық.

- Әке білесіз ғой қазіргі жағдайымды, жұмысқа жаңа орналастым, жұмысым көп, бала-шаға науқас дегендей, кейінрек уақыт болғанда барармын, бірақ телефон шалғаныңызға қуанып қалдым әке...

Тұтқаны қойғанымда, оның шынында да маған ұқсағанын аңғардым. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Болат Бекентаев

Әсерлі, өкінішті, шындық!

Сулейменова Азиза

әсерлі

Элеонора

Жұмыс, ақша табу, жетістікке жету деп өмір сүруді ұмытып кетіп жатқанымыз рас

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз