Өлең, жыр, ақындар

Қалаға қарай көшкен халық: урбанизацияның өрісі мен өресі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда урбанизация- ел дамуының басты үрдістерінің бірі. Ауылдан қалаға ағылған халық саны жыл сайын артып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, қазір ел халқының 60%-дан астамы қалаларда тұрады. Бұл құбылыстың артында тек демографиялық қозғалыс емес, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер де жатыр.

Неліктен халық қалаға ұмтылады? Жауап қарапайым: жұмыс, білім, медицина және инфрақұрылым қолжетімділігі. Алайда қала өмірінің өзіне тән қиындықтары да бар. Тұрғын үй тапшылығы, көлік кептелісі, экологиялық ахуал – халықтың күнделікті шағымдарына айналған.

Мен тілдескен Алматы қаласының тұрғыны, ауылдан көшіп келген Айгүл апай: «Қалада балаларым жақсы білім алсын дедім. Бірақ пәтерақы қымбат, өмір сүру қиындау екен», – дейді. Мұндай пікірлер еліміздің кез келген мегаполисінен естуге болады. Ауылдардан үдере көшкен азаматтардың дауысы билікке жетуі тиіс. Урбанизация — тек статистика емес, адамның тағдыры, отбасылардың үміті мен таңдауы. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз