Қазіргі таңда жастардың көбі шетелде білім алуға ұмтылуда. Себебі шетелдік жоғары оқу орындары ұсынатын білім беру сапасы мен мүмкіндіктері жастарды ерекше қызықтырады.
Шетелде білім алудың артықшылықтары:
Сапалы білім алу.
Шетел университеттерінің оқу бағдарламалары өзгеше. Олар теориядан гөрі зерттеу жұмыстарына, практикалық сабақтарға және зертханалық тәжірибелерге баса назар аударады. Бұл студенттің сыни ойлау қабілетін арттырып, кәсіби біліктілігін шыңдайды.
Жаңа тіл мен мәдениетті меңгеру.
Шетелде оқи жүріп, жастар сол елдің тілін еркін меңгеріп, мәдениеті мен салт-дәстүрін жақыннан тануға мүмкіндік алады. Бұл – адамның көзқарасын кеңейтіп, өзге ұлт өкілдерімен еркін қарым-қатынас орнатуға жол ашады.
Болашақ мансапқа жол ашу.
Шетелдік диплом – түйіндемедегі (резюмедегі) үлкен артықшылық. Мұндай білім иелеріне жақсы жұмыс табу, халықаралық компанияларда еңбек ету мүмкіндігі жоғары.
Жаңа орта мен достар табу.
Әртүрлі елдерден келген студенттермен бірге оқу – мәдени әртүрлілікті сезінуге, жаңа достар табуға және халықаралық байланыс орнатуға көмектеседі.
Танымал гранттық бағдарламалар
Бүгінде көптеген елдер шетелдік студенттерге арналған гранттық бағдарламалар ұсынады. Қазақстандық жастар арасында ең танымал елдер — Түркия, Ресей, Қытай, Италия және Чехия.
Түркия.
«Türkiye Bursları» бағдарламасы жыл сайын мыңдаған шетелдік студентке толық грант ұсынады. Бұл грант оқу ақысын, жатақхананы және ай сайынғы стипендияны қамтиды. Алайда іріктеу өте бәсекелі және талап жоғары.
Чехия.
Чехияда чех тілінде оқу тегін, ал ағылшын тілінде оқу ақысы жылына шамамен 2000 АҚШ долларышамасында. Чехияда білім алу шарттары жеңілдеу әрі өмір сүру бағасы қолжетімді.
Италия.
Бұл ел ағылшын тілінде көп мамандық ұсынады, ең төменгі тіл деңгейі – B2. Түсу үшін мотивациялық хат пен резюме қажет. Сондай-ақ ISEE жүйесі бойынша табысы төмен отбасылардан шыққан студенттер тегін оқып, шәкіртақы ала алады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Садырбекова Райхан
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі