2024 жылы Қазақстанда 40 567 ажырасу тіркеліп, ажырасу коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2,01 болды. Оның 74,4 пайызы қалада (30 100 жағдай), ал 25,6 пайызы ауылда (10 400 жағдай) орын алған.
2023 жылы бұл көрсеткіш — 40 227, ал 2022 жылы 44 517 болған. Соңғы екі жылда ажырасу саны шамамен 9 пайызға азайған. Ал 2025 жылдың алғашқы алты айында 21 531 жұп некесін бұзған. 2023 жылы тіркелген некелер саны — шамамен 120 мың. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға аз. Некенің жалпы коэффициенті — 1000 адамға шаққанда 6,07, ал ажырасу коэффициенті — 0,84. Сарапшылардың айтуынша, соңғы бес жылда бұл көрсеткіштер айтарлықтай өзгермегенімен, аймақтар арасындағы айырмашылық әлі де үлкен.
Аймақтардағы ажырасу деңгейі
2024 жылы ең жоғары ажырасу коэффициенті:
Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында — 0,90. Алматы қаласында 6 900, Алматы облысында 6 050, Қарағандыда 4 910 ажырасу тіркелген. Ең аз ажырасу Ұлытау облысында — бар болғаны 198 жағдай.
Некенің ұзақтығы
2024 жылғы мәлімет бойынша жұптардың:
Сот арқылы ажырасу
Сот арқылы қаралған істердің саны да жоғары:
Бұл — әрбір төртінші неке сот арқылы бұзылатынын көрсетеді.
Қала мен ауыл айырмашылығы
Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық айқын: қалаларда ажырасу деңгейі ауылға қарағанда үш есеге жуық жоғары. 2024 жылы қалада 30 100, ауылда 10 400 жағдай тіркелген.
Жалпы үрдіс
Соңғы бес жылда елде жыл сайын орта есеппен 42 мың отбасы ажырасады. Бұл шамамен әрбір үшінші неке ұзаққа бармайтынын білдіреді. Дегенмен, 2022–2024 жылдары тұрақты төмендеу байқалып, ажырасу саны 4 мыңнан астам жағдайға азайған.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ахмеджан Айша
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі