Қазіргі таңда Қазақстанда интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер көбейіп барады. Қылмыскерлер компьютер мен смартфон сияқты гаджеттердің көмегімен адамдарды алдап, олардың ақшасы мен жеке деректерін иемденуде.
Алаяқтық — өзгенің мүлкін немесе мүлікке деген құқығын алдау не сенімді теріс пайдалану арқылы иемдену. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабымен жазаланады.
Бас прокуратураның дерегінше, 2025 жылы елде 14 мыңнан астам интернет алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп. Келтірілген залал шамамен 6 миллиард теңгеден асқан, оның тек 26 пайызы ғана өтелген.
Адамдар қалай алданып қалады?
Алаяқтар көбіне ұялы телефон арқылы хабарласып, өздерін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырады. Олар «сізге код келеді, айтып жіберіңіз» деп сенімге кіріп, азаматтардан растау кодтарын, банк картасының нөмірін немесе жеке деректерін сұрайды. Мұндай ақпаратты берген жағдайда, адамның атына несие рәсімделіп кетуі немесе шотындағы ақша шешіліп қалуы мүмкін.
Онлайн-алаяқтықтың кең тараған түрлері
1. Фишинг.
Алаяқтар өздерін сенімді ұйым немесе тұлға ретінде көрсетіп, пайдаланушының логинін, паролін немесе банк картасының деректерін алдау арқылы иемденуге тырысады.
2. Скимминг.
Бұл — төлем карталарының деректерін заңсыз көшіру арқылы ақша ұрлау әдісі. Мұндай жағдайлар көбіне банкоматтарда немесе төлем терминалдарында кездеседі.
Интернет алаяқтарынан қорғану жолдары
• Жеке ақпаратты ешкімге және ешқайда жарияламаңыз.
• Телефоныңызға келетін хабарламаларды мұқият тексеріңіз.
• Ақшаңызды тексерілген, сенімді банктерде сақтаңыз.
• Жеке бас қауіпсіздігіңізді әрдайым бірінші орынға қойыңыз.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Аубакир Кәусар
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі