Өлең, жыр, ақындар

Жастардың қоғамда еңбек етуі

   Қазіргі таңда жасөспірімдер ересектермен бірдей еңбек етіп, қоғам өміріне белсенді араласып жүр. 2024 жылғы статистика бойынша еліміздегі жастардың шамамен 35 пайызы сабақпен қатар жұмыс істейді. Еңбекке араласқан жасөспірімдердің негізгі бөлігі 14–19 жас аралығында.

Көптеген жастар жаз мезгілінде жұмыс істегенді жөн көреді. Жаз айларында жастардың 50 пайызы түрлі қоғамдық жұмыстарға қатысып, тәжірибе жинайды. Олар көбіне күнделікті немесе айлық төлеммен жұмыс істейді. Күнделікті еңбекақысы 5 000–17 000 теңге аралығында болса, айлық табысы шамамен 150 000–200 000 теңге көлемінде. Мұндай еңбек жастардың қоғамға бейімделуіне, жауапкершілікті сезінуіне және өз бетімен өмір сүруге үйретеді.

Жастардың басым бөлігі сауда орындарында сатушы, қызмет көрсету саласында, курьер, даяшы ретінде жұмыс істейді. 15–19 жас аралығындағы жасөспірімдер тапқан ақшасын көбіне өз қажеттіліктеріне немесе ақылы оқу ақысын төлеуге жұмсайды.

Қазақстанда 18 жастан асқан азаматтар ғана мемлекеттік мекемелерде, медицина орталықтарында, жеке ұйымдарда және білім беру саласында ресми түрде жұмыс істей алады. Сонымен қатар қазіргі таңда қызығушылыққа сай жұмыс түрлері көбейіп, жастар сұлулық салондарында, жеке студияларда, тіпті онлайн форматта да еңбек ете алады.

Жастар ең көп еңбек ететін қалалар

  • Алматы қаласында — жастардың 55 пайызы еңбек етеді. Олардың 28 пайызы сауда орталықтарында жұмыс істейді.
  • Астана қаласында — 41 пайыз,
  • Шымкент қаласында — 38 пайыз жас еңбекке араласқан.

Осы үш қала — жастар ең көп жұмыс істейтін аймақтардың көш басында тұр.

Жаңа бағыттар мен мүмкіндіктер

Қазіргі таңда IT саласы ерекше қарқынмен дамып келеді. Көптеген жастар осы бағытта еңбек етіп, кемінде 300 000 теңге табыс табуда. Мұндай жұмыстарды қашықтан, яғни үйден шықпай-ақ орындауға мүмкіндік бар.

Мысалы, онлайн режимде тойға шақырту жасау, жасанды интеллект құралдары арқылы дизайн немесе мәтін әзірлеу сияқты жұмыстар кеңінен таралуда.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Нұрбай Инабат


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз